Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ерекше балалар қалай өмір сүреді?

Bilimger Media
3 мин оқу 75 оқылым

Қазақстандағы инклюзия – жаңа құбылыс емес және жылдам қарқынмен дамып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 98,2 мыңға жуық бала бар. 2008 жылы Қазақстан мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық және 2016 жылы білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялады.

Негізінен елімізде осындай балаларға енді ғана аса назар аударылып жатыр. Ерекше балалар білім алатын орталықтардың саны артып келеді. Осылайша, Ұлттық білім беру дерекқорының 2023 жылғы деректері бойынша инклюзивті білім беру шарттары қазір балабақшалардың 20 пайызында (6159-ның 1232-сі) бар;жалпы білім беретін мектептердің 60 пайызында (7014 мектептің 4207-сі) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 30 пайызында (821колледждің 250-сінде) білім алып жатыр. Бұл ретте осы салада жинақталып қалған және әлі нақты шешімін таппаған проблемалар туралы да үндемеуге болмайды. «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының директоры Әлия Әбдібайітова, Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының жетекшісі Салтанат Мурзалинова, екі ерекше баланы тәрбиелеп отырған Тилекешова Оразгүл өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әлия ӘБДІБАЙІТОВА, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының директоры:

— Кез келген жастағы аутизммен немесе дамуында басқа да кемістіктері бар балалар кездесетін бірінші проблема - бұл, әрине, қоғам тарапынан, басқа балалар мен ата-аналар жасаған буллинг. Инклюзивті мектепке баратын балалардың көбі, кейде еріп жүрумен, кейде еріп жүрусіз, көбінесе сыныптастары тарапынан буллингке ұшырайды, әр түрлі даулы жағдайлар жиі туындайды және қарапайым балалардың ата-аналары мұндай балаларды сыныптан алып кетуді сұрайды. Яғни, бірінші мәселе – қоғамда түсіністіктің жоқтығы. Инклюзия туралы және барлығы бір-бірімен тең деп қанша жылдан бері айтып келеміз, алайда, өкінішке орай, іс жүзінде қоғам мұндай көзқарасты 100 пайыз қолдамайды.

Осы тұста екі ерекше баланы тәрбиелеп отырған Ақтау қаласының тұрғыны Тилекешова Оразгүл:

— Бұл балалармен 24 сағат бойы болып, қоғамға бейімдеу керек. Себебі олар өздерін қоғамда әртүрлі ұстайды. Адамдар балалардың іс-әрекетін дұрыс түсінбей, дөрекі сөйлеп жатады. Ал күніне бұндай жағдайлар қаншама рет орын алады және де бәріне бірдей физикалық тұрғыда мән-жайды түсіндіріп тұру мүмкін емес. Сондықтан да көп жағдайда мән бермей өтіп  кеткендері жөн деп білемін,-дейді.

Ол балаларын арнайы балабақша мен мектепке бермеген. Себебі олардың диагнозы еш қауіпсіз еді. Керісінше, дос тапсын балалармен коммуникация құрсын деген шешімге келген. Шешімі оң әсерін берді. Балаларынан көптеген қуантарлық өзгерістер байқаған. Оған сыныптастары мен ата-аналар да наразылықтарын білдіре қоймады. Дегенмен, бұл көптің біріне кездесе бермейтін джекпот. Себебі мектеп қабырғасында балаға буллинг жасайтындар жетерлік. Оған әлеуметтік желі куә. Толыққанды өмір сүруге әрбір адамзат баласы құқылы және ол бақытты болудың кілті. Сондықтан Оразгүл ханым ата-аналарға ешқашан мойымауды, қорықпауды ұсынады. Мұны қабылдау керек. Тігін айтып, сөзсіз өзін ең бақытты адам деп санайтынын жеткізеді.

Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының жетекшісі Салтанат Мырзалинова: — “Біздің қоғамдағы ең үлкен проблема-инклюзия шын мәнінде кәдімгі және ерекше балаларды қосу, араластыру екенін түсінбеу. Бәрібір инклюзивті білім беру тұрғысынан көптеген оңалту орталықтарын құру қажеттілігі бар. Қазір бәрі де адамдардың қолында. Егер өзгергіміз келсе, біз өзгеретін боламыз. Мен қазір толығымен қоғамның өзіне жүктелген жауапкершілік туралы айтып отырмын. Менің ойымша, бұл туралы көбірек айтып, жазу керек, мұндай балаларды жұмысқа орналастыру бағдарламаларына қосу керек және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру – бұл, әдетте, бірге жүретін жұмысқа орналастыру екенін түсіну керек. Сондықтан осы мәселеге көбірек көңіл болу қажет”,-дейді.

Жақында Барби қуыршақтарының арасында аяқ протездері бар, шашы жоқ, терісі ерекше пигментацияланған ойыншықтар пайда болды. Өндіруші, Mattel компаниясы осылайша сұлулық пен инклюзивтілікке әртүрлі көзқарасты көрсетуге ұмтылды. Неге мұндай тәсіл-бұл маңызды, неге балаларға ерекше құрдастарымен қарым-қатынас жасау керек және оны қалай дұрыс істеу керек,-дейді «Маяк үйі» балалар хосписінің психологиялық қызметінің басшысы Алена Кизино.

Таз қуыршақтар кімге керек? Бұл жөнінде сарапшылар мұндай ойыншықтар тек ауру балаларға ғана емес, дені сау балаларға және олардың ата-аналарына да көмектеседі.

Егер кішкентай кезінен балаға біздің дүниеміздің алуан түрлілігін және адамдардың табиғи «айырмашылығын» көрсетсеңіз, ол оған құрметпен қарауға оңай үйренетін болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым