Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Еңбектене білгеннің еңсесі биік»

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 39 оқылым

Тәрбиеші: Утемисова Айгерим Шалхаровна

Шымкент қaлaсы, білім басқармасының

«Білім - инновация» ер балаларға

арналған № 1 лицей - интернаты» КММ

  1. Сабақтың тақырыбы: «Еңбектене білгеннің еңсесі биік».
  2. Сaбақтың мақсаты:
  3. Оқушыларды еңбек тәрбиесімен таныстыру
  4. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
  5. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты азамат болуға тәрбиелеу.

III. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап.

  1. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.
  2. Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
  3. Сабaқтың барысы:
  4. Ұйымдастыру кезеңі.
    a) Сәлемдесу.
    б) Түгелдеу.
    в) Зейінін шоғырландыру.

    2.Жаңа сабақ.
    Кіріспе.

Достар, адам баласы еңбектеп өмірге келгеннен, еңкейіп дүниеден өткенше тек еңбекпен өмір сүреді. Өмір сүрудің өзі – еңбек.

Мысалы: Сәбидің сүйегі қатайғаннан бастап, еңбектеуге талпына  бастайды. Сәби үшін бұл-еңбек. Балабақшада балалар, тақпақ жаттайды, әр түрлі ойындар ойнайды. Осы жастағы балалар үшін бұл да еңбек. Мектеп жасында балалар біршама есейеді. Сондықтан, қыз балалар үй-ішінің, ер балалар ауланың жұмысына, ата-аналарына қолғабыс жасайды. Жоғарғы сыныптарда  жүріп, ҰБТ - ке дайындалып, жоғарғы оқу орнына түсу үлкен еңбекті қажет етеді. Адам алдына қойған мақсатына тек еңбек арқылы жетеді. Еңбек адамды шынықтырады, шыңдайды. Сондықтан,  адам өмірінде еңбектену маңызы ерекше. Қазір осы сөзіме көз жеткізу үшін бір ойын ойнап көрейік.

  1. Ойын: «Жасырын сөз».

(Жасырын сөз «Еңбек бәрінде жеңбек».

Балалар қандай сөз шықты. Бұл сөз қандай мағына береді.

(Балалардың пікірін тыңдау)

Негізі көп ел ерлік соғыста жасалады деп ойлайды. Бірақ осы заманда да еңбектерімен ел аузыңда жүрген жандар бар. Мысалы: бізден  Қ.Тұрысбеков, Н.Оңдасынов, Б.Момышұлы, Қ.Спатаев, Ш.Қалдаяқов,  спорт саласынан М.Ділдәбеков, Б.Саттарханов, Ә.Юсупова, өнер майталмандары Б.Ибрагимов, С.Майғазиев, Н.Өнербаев т.б.Үлкен еңбектің арқасында ел атын да шығарып, өздері де танымал болды. Мұның бәрі «еңбек – ер атандырады» деген сөзімізге мысал бола алады. Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып өсуіміз керек. Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз керек.

  1. Мақал сөздің мәйегі.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.

Ал достар өздерің білетін еңбек тақырыбындағы мақал – мәтел, өлең шумақтарын айтып бере аласыздар ма?

  1. Ойын: “Еңбекке қажетті құралдар”

Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.

Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.

Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.

Тігінші құралы:  ине, жіп, біз.

  1. Қорытынды: Сұрақ–жауап.
  2. Сонымен адам өміріндегі еңбектің маңызы қандай?
    2. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
    3. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
    4. Еңбек турaлы қандай мақал- мәтелдер бaр екен?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 1 665 оқылым 3 мин
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 279 оқылым 7 мин
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 156 оқылым 4 мин