Мазмұнға өту

Ене мен келін

Bilimger Media 3 мин оқу 4 880 оқылым

<![CDATA[ Баяғыда ит пен мысықтай арбасқан ене мен келін бір үйде тұрады екен. Бір-бірін көргенде кірпідей жиырылып, түрпідей тиіседі екен. Келіннің берген асы мен сөйлеген сөзін былай қойғанда отырып-тұрғаны да кемпірдің жүйкесіне әбден тиіп болыпты. Отырса – опақ, тұрса – сопақ. Қысқасы, кең дүние тарының қауызындай тарылып, қажаса-қажаса екеуі де титықтап, тығырыққа тіреліпті. Күндердің күнінде құлағының құртын терген енесінен жауыр аттай қажыған келіннің ойына жамандық түсіпті. Күншілік жердегі елге танымал бір емшіге барып, кемпірден көрген қорлығын көз жасын сарқып отырып айтып, кемпірді өлтіретін дәрі жасап беруін өтініпті.
Көпті көрген қарт емші келіншекке бір құты дәрі жасап беріпті де, мынадай кеңес айтыпты: «Бірден өліп қалса бала-шағасы, туыс-туғандары сенен көрері анық. Сондықтан, бұл дәріні күнде аздап беріп отырасың. Үш ай өткенде кемпірдің шаруасы бітеді. Қатаң ескертер бір жайт – ол кісіге бұрынғыдай сөз қайтарма, не десе де «сіздікі жөн» дей бер. Дәрінің өнімі сонда жақсы болады, ашуланса дәрінің қуаты әлсірей береді. Енді онсыз да үш ай ғана ғұмыры қалды ғой» – дейді. Келіншек үйге келіп, емшінің айтқанын айнытпай істеуге кіріседі. Алғашында біраз қиналады. Кемпірдің ерні қыбырлай бастаса, келіннің де тілі жыбырлай бастайды. Көкірегінен лап етіп көтерілген қызыл жалын жұтқыншағына келгенде, емшінің айтқан сөзі есіне түсіп, қылғынып тұрып қалады. «Сөйлеп қал қақбас, үш ай ғана ғұмырың қалды ғой» деп іштен тынады. Солай да солай апта өтеді, ай өтеді. Кемпір болса аң-таң. Баяғыдай арсылдап тұрған келін жоқ, «әй, әкел ананы… тарт мынаны!» деп қолды бір сілтесе болғаны, келін байғұс жерге салмақ түсірмей желеді.Қимылы да, сөзі де мамықтай. «Міне, апа… тағы не керек?.. Айтқаныңыз болсын...» деп қиылып тұрғаны. Сөйтіп жүріп өзі де сөз қайтармағанға үйреніп, бұрынғыдай емес бойы кеңіп қалғандай күй кешеді. Енді кемпір отырып ап ал ойлансын. «Мына сорлыға неге ұрса берем? Сонша не жазып еді?..» деп, өзін кінәлай бастайды. Дауысы бәсеңдеп, сөзі де жұмсара бастайды. Бұрынғы әдетінше қатқыл бастап қалған кей сөздерінің аяғын міңгірлеп өзі бәсейтеді.
Бір күні кемпір келінін еркелете шақырып алады да, аузында өмірбақи баданадай қара құлып тұратын сандығын ақтарып: «Мынау білезік, мынау жүзік..., бәрі сенікі, мен оны көрге алып кетеді ғой дейсің бе, тағып ал, көркейіп жүр қарғам…» деп, елжірейді.
Міне қызық, енесінің қылығына көңілі бордай босап қоя берген келіншек ауызғы бөлмеге атып шығып, қос білегін тізесіне қойып отыра кетеді. «Қайран енем-ай, өлеріңді білгенің бе, бұл не еткенің, қадіріңді ғұмырыңның соңында бірақ білдім-ау… бір-ақ ай қалғанда, бір-ақ ай…» деп бетін басып ағыл-тегіл жылайды. Содан кейін өкпесін қолына алып, өткендегі емшіге жүгіреді. Өзінің оңбай қателескенін айтып: «әлгі ішіртікіңіздің күшін қайтарып, енемді аман қалып қалатын дәрі жасап беріңізші…» деп, жылап-еңіреп, етегіне оралады.Тартысы мол өмірде талай көйлек тоздырған әлгі емші келіншікті шынтағынан сүйеп орындыққа отырғызып қойып, былай дейді: «Мен берген дәрі кәдімгі су болатын, адамға ешқандай зияны жоқ, менің мақсатым орындалды, енең Алланың берген жасын жасайды, әзір өлмейді, бара ғой…» депті. Есі шыға қуанған келіншек бал-бұл жанып үйіне қарай асығыпты.
www.asylarna.kz]]>

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Ғибратты әңгімелер

Ақсақалдың даналығы

Меделбай Қарақа Дарханқызы Бір ауылда бай әрі ақылды, дана ақсақал қария өмір сүріпті. Оның байлығы мен даналығын естіп, жан-жақтан адамдар келіп, одан ақыл-кеңес сұрапты. Бір күні жас жігіт ақсақалға келіп, былай деп…

Меделбай Қарақат 101 оқылым 2 мин
Ғибратты әңгімелер

Аманат арқалаған «фашист» немесе Қараторғай әні

Өткен ғасырдың 80-жылдары. Құмдағы ауылда сабан-топырақты илеп соққан бір қабат сегіз жылдық орта мектепте оқимын. Мамыр айы туған соң мектепте қызу мереке басталады. Әуелі, 1-мамыр Бейбітшілік күнін атап өтеміз. Одан…

Bilimger Media 78 оқылым 8 мин
Ғибратты әңгімелер

Құндылықтар қалай құлдырайды?

11 жасар немересі атасының қолынан ылғи түспейтін «Егемен Қазақстан» газетін көрді.Атасы басын шайқап, жиі күрсініп «Құндылықтардың құлдырауы» деген айдарды оқып отыр екен.Жас балаға бұл тақырып соншалықты таңсық көрінді…

Айман 1 265 оқылым 2 мин
Ғибратты әңгімелер

Өлі теңіз қалай өлген?

Бірінші сыныпта оқитын бала әлем картасын қызықтап қарап отырды. Ондағы ірілеу әріптермен жазылған мемлекеттер мен жер-су аттарын ежіктеп оқи бастады. Бір кезде "Өлі теңіз" деген жазуды көзі шалды. «Ө-лі те-ңіз» деп…

Bilimger Media 2 967 оқылым 1 мин