Мазмұнға өту

Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Картайганова Саулеш Ахметбековна 3 мин оқу 26 оқылым

Картайганова Саулеш Ахметбековна

Жұмыс орны: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
Мемлекеттік мекеме «Келешек» бөбекжай балабақшасы» МКҚК
Лауазымы: Тәрбиеші
Мектепалды «АЯЛА» тобы

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет

 «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік»

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс- әрекет

Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік

Мақсаты:           Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

ҚР Әнұраны

Тәрбиеші: Балалар бүгін қонақтар келді, алдымен амандасып алайық!

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

Балалар:   Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Біз қандай елміз?

Балалар: Тәуелсіз елміз

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған.

Біздің еліміз Ресеймен бірге болған, елімізді Ресейдің Президенті басқарған.

Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.  

Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Балалар:   Тоқаев  Қасым- Жомарт Кемелұлы

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Кинолента әдісі

Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаммеджанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. 

Содан бері 33 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды.

Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.

          Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі.

Тәрбиеші:  Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

          Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Бір минут Желтоқсан кұрбандарын еске алайық!

Шаттық шеңбері

                           Отан сенің, ата-анаң,

                           Отан- досым бауырым

                           Отан – өлкем Астанам

                           Отан туған ауылым.

Топқа бөлу

-Тұлпар тобы

-Қыран тобы

Тәрбиеші: Балалар бір сәт жоғары қараңдаршы не бейнеленген,

Балалар: Шаңырақ

Қазақстан картасы

Шаңырақ пен Қазақстан картасында тапсырмалар берілген соларды орындайықшы.

  1. Ойын «Шаңырақ» ойыны Тұлпар тобы 

 Шарты: Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін атайды.

  1. Ойын «Қазақстан Республикасы картасы»           Қыран тобы

 Шарты: Желтоқсан құрбандарын атау.

  1. Ойын екі топқа «Жол бекеті» ойыны Тұлпар тобы

                                                                            Қыран тобы

    Шарты: Жол кедергілер жүре отырып, әр бекетке тоқталып, сөздерді буындап оқу. 

ХОР: «Тәуелсіздік ел ұраны»

  1. Ойын «Киелі мекенім Қазақстан» Тұлпар тобы

      Шарты: Марблс тастарымен безендіру

  1. Ойын «Отаным Қазақстан» ойыны        Қыран тобы

      Шарты: Берілген дыбыстарды тігіп,  сөз құрастыру.

Балалардың Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтары

  1. Отан сенің, ата-анаң,

     Отан- досым бауырым

     Отан – өлкем Астанам

     Отан туған ауылым.                    Милада

  1. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

     Мықты болсын елімнің керегесі.

     Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

     Кетпесін туған жердің берекесі.             Руслан Алихан

  1. Бейбітшілік күн жаса,

Мерейімді асырып.

Тәуелсіз күнім жүз жаса,

Келеңсіз күнді жасырып.                         Жұлдыз

4.Отан жерім, Отан суым,

Отан қуат, нәр береді

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гұлденеді                   Айару

  1. Отан оттан да ыстық Асқар

Сергіту сәтті. Флешмоб «Тәуелсіз елімнің ұрпағы»

  1. Ойын «Сиқырлы шарлар»       Тұлпар   тобы

Шарты: Түрлі түсті стакандарға шарларды қойып 16 санын жазу

  1. Ойын «Тапқыр қолдар»               Қыран тобы

Шарты: Түрлі түсті стакандарға шарларды қою арқылы «ЕЛ» сөзін жазу.

  1. Ойын «Ғажайып ромбиктер»        Тұлпар тобы

Шарты: Ромбикті құрастыра отырып, суреттерді не бейнеленген соны баяндау.

  • Ойын «Сиқырлы саусақтар» ойыны Қыран тобы

Шарты: Киізді саусақтармен ұру арқылы, сандарды жинау.

  1. Ойын екі топ «Дыбыстар көлеңкесі» Тұлпар

                                                                       Қыран               

Шарты: Берілген тапсырмадағы дыбыстардың көлеңкесін тауып, сөз құрастырады.

Кері байланыс: «Гүлденген Қазақстан»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Картайганова Саулеш Ахметбековна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин