Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Елбасымен біргеміз

Bilimger Media
1 мин оқу 906 оқылым

Елбасымен біргеміз.
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзін дәріптей отыра, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне бастауыш сынып оқушыларымен қазақ халқының тұңғыш президентінің өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу; бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында Баян Мауленқызы «Елбасымен біргеміз!» атты мерекелік іс – шара өткізді. Әнұранмен басталып, «қайырлы күн, достым» атты психологиялық ахуалмен жалғасын тапты. Оқушылар қызыл, көк асықтарды таңдай отыра, сөз тізгінін Турсынбекова Айым мен Айтмаханов Нурислам алды. «Қазақстан», «Атамекен» атты екі топқа бөлініп, «Астана қаласы», «Елім менің», «Елбасы» атты аялдамаларда ҚР-ның Рәміздері туралы айтып, Мен Отанымды сүйемін! Астанамыз гүлдене берсін! Елбасымыз жасай берсін! сөздерін үш тілде айтып, Астана қаласының суретін салып, «Менің Отаным» атты тақырыбына аппликация жасап; Егерде мен Елбасы болсам... тақырыбына постер жасап, осы сияқты әртүрлі қызықты тапсырмалармен оқушылар жұмыс жасады. Шарада 1-сынып бүлдіршіндері Сапарғали Әли, Сапарғали Мәди, Касенова Жанерке, Ерсін Дарын «Туған елім» әнін тарту етсе, 3- сынып бүлдіршіндері Бағыс Айғаным, Жумадилов Айтқали, Дюсентаев Илияс, Ажибаев Нурасыл, Құдайберген Нұршат, Кадетұлы Жәнібек «Елтаңбасы елімнің» әнін орындап берді. Іс – шараға келген қонақтар мен оқушылар жақсы көңіл – күймен тарады.

Сұлужон ауылы
Багисова Жансая Барменовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 3 мин 1 979 оқылым
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 7 мин 281 оқылым
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 4 мин 159 оқылым