Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дыбыстық талдау

Тлекешова Ж.Д.
3 мин оқу 433 оқылым
 

МАД «А» тобының тәрбиешісі: Тлекешова.Ж.Д

 

Тобы/сыныбы: Мектепалды даярлық «А» тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Пәні: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Дыбыстық талдау
ҰОҚ мақсаты: Дыбыстық талдау туралы алған білімдерін пысықтау.
Міндеттері: 1.Дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.

2.Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлеріне жаттығулар жасату,сөйлем құрату арқылы зейіндері мен логикалық ойлауларын дамыту.

3.Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы әр мамандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.«Мамандықты тап» ойыны.

2. «Сұрақ-жауап» әдісі.

3. «Түсіне қара» д\ойыны.

4. «Жоғалған дыбысты тап» д\ ойыны.

5. Дыбыстық талдау жаса.

Ресурстар, дамытушы орта

1.Үлестірмелі мамандық суреттері.

2.Үлестірмелі дыбыстық талдау.

3.№2 дәптермен жұмыс.

4.Дидактикалық ойындарға суреттер.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Дыбыстық талдау жасайды, сөйлем құрайды.

Түсінеді:  Дыбыстық талдау тәсілін.

Қолданады: Дыбыстарды ажыратады.

                                                 Жоспарлау
ҰОҚ барысы. Педагогтің әрекеті Баланың әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: Педагог балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күндеріне сәттілік тілеп, шаттық шеңберге шақырамын Жабырқаудыбілмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

Психологиялық дайындық

Нейрожаттығулар жасау

Педагог балалармен «Мамандықты тап» ойынын ойнату арқылы оқу қызметті бастайды.

1.Науқасты кім емдейді? (Дәрігер)

2.Шашты кім қияды? (Шаштараз)

3.Үйлерді кім салады? (Құрылысшы)

4.Кітапты кім жазады? (Жазушы)

Балалар амандасып, көңілді күйде шаттық шеңберіне тұрады.

Өлеңді қимылымен айтып, қайталайды.

Сұраққа  жауап береді.

Негізгі бөлім:

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы қайталау.

Дәптермен жұмыс:

-Дыбыс деген не?

-Дыбыстар біздің айналамызда, біз оларды көрмейміз бірақ естиміз, айтамыз.

-Дыбыстар қандай болып бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз.

-Дауысты дыбысты, дауыссыз дыбыстан қалай ажыратамыз?

-Дауысты дыбыстарәндетіп, созылып айтылады, ал дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады.

-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды ше?

-Сөзді буынға қалай бөлеміз?

-Буынды қалай белгілейміз?

-Сөйлем деген не?

-Сөйлем недентұрады?

-Сөйлем сызбасын қалай белгілейміз?

«Түсіне қара» дидактикалық ойыны. 

Педагог балаларға дыбыстарды айтады. Балалар қолындағы түсті көтеріп дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.

«Жоғалған дыбысты тап» дидактикалық ойыны.

Мен сендерге суреттерді көрсетіп, бір дыбысы жоғалған сөз айтамын, сендер сол жоғалған дыбысты орнына қойып қайта айтасыңдар.

1 -Тапсырма. Суреттерді ата. Бірінші дыбысты анықта. Жуан дауысты дыбыстан басталса, сары шарға, ал жіңішке дауысты дыбыстан басталса қызыл шарға сызықпен қос.

2 -Тапсырма. Дыбыстық талдау жаса.

3-Тапсырма. Суретті штрихта.

4 -Тапсырма. Бастыр.

5-Тапсырма. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастыр.

Сергіту сәті: Қайшы

                       Қолымызды алшақ алып тұрамыз,

Қайшы болып қағазды дақиямыз.

Қолды соз, шынтақты бүкпе,

Жаттығу қиын емес түкте.

Балалар сұраққа жауап береді.

Балалар дауысты дыбыс айтсам қызыл түсті, дауыссыз дыбыс айтсам көк түсті көтереді.

Балалар дыбысты табуға қызығады, тапқан дыбыстарын орнына қойып сөзді толық айтады.

Балалар сөзді есту арқылы және айту арқылы сөздің басында қандай дыбыс екенін және жуан,жіңішке дыбысты ажыратып тапсырманы орындайды.

Қызыл және көк түсті бояу қарындашты алып сөздерге дыбыстық талдау жасайды.Балалар тақтадағы дыбыстық талдау мен өздыбыстық талдауларын тексереді.

Бағытты ажырата отырып суретті штрихтайды.

Үзік сызықтарды бастырады.

Сабақтың қорытынды бөлімі: Рефлексиялық бағалау:

Сабақты қорытындылау:

Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайд.Балаларды мақтап,оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады.

Оқу қызметінің қызықты екенін және ұнағандығын сұрап білу.

-Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сәттерің болдыма? Қай тапсырмада?

Балалар оқу іс-әрекетінің қызықты өткенін айтып, өзі орындауға қиналған жерлерін ,өз ойларын жеткізе білді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тлекешова Ж.Д.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Баяндамалар

Балаларды психологиялық тұрғыда мектепке даярлаудың бүгінгі жағдайы мен болашағы

Баяндамада баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау, жаңа ортаға бейімдеу және оқуға қызығушылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Тлекешова Ж.Д. 13 мин 69 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым