Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Достық» жалпы білім беретін мектеп» КММ ҒЗИ, ғылыми орталықтар және ЖОО-мен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы

Шыныбекова Лаура Маратбекқызы
2 мин оқу 56 оқылым

Шыныбекова Лаура Маратбекқызы


2024–2025 оқу жылы барысында “Достық” жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірдегі ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ), ғылыми орталықтар және жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асырды.

Бірлескен жұмыс аясында:

  • ЖОО-мен біріге отырып, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын

дамытуға бағытталған Шымкент қаласындағы   М.Әуезов атындағы университетте "Қазақстандғы IT және AI: Болашаққа жаһандық көзқарас" тақырыбында Халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысты "Достық"жалпы білім беретін мектебінен 27 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Байқауда бас жүлдені 9-сынып оқушысы  Серикбай Сымбат  иеленді."Достық" ұжымына арнайы кубок және алғыс хат берілді.

  • 11-сынып оқушыларымен бірге “Жұмысшылар жылы” аясында

25 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» кәсіптік бағдар беру орталығының Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі - Білім беру бағдарламаларын, оқу-зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында университет базасында мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына «Ашық есік күнін» ұйымдастырып өткізді.

Осыған орай, университеттің білім беру бағдарламаларын насихаттау және мамандық таңдауға бағыт-бағдар, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін реформалау.

  • 11 сынып оқушылары 10.02.2025 ж. күні Түркістан қаласы, Қожа

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткен көрмеге барып қайтты. Еліміздің жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ел аумағында орналасқан шетелдік ЖОО-ның филиалдарының, кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде ЖОО-дың көрмелері және ЖОО-мен біріккен үлкен конференция болып өтті. Оқушылар өздеріне керекті біраз мағлұматтар алып, сол оқу орындарынан келген мамандарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала  алды. Конференцияда әр оқу орны өздері жайлы ақпарат беріп оқушыларды оқуға шақырды. Шетелдік ЖОО көрмесі кәсіптік бағдарларын жүргізді. Педагог- профориентолог  Айдос Жұманазар Қаңтар  ҰБТ-не жоғары балл алған оқушыларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынып, Мамандық қалай дұрыс таңдау қажет сол туралы кеңестерін берді. Кәсіптік бағдар беру жұмысына Ғылым және жоғары білім министірлігінің кеңесшісі Руслан Емелбаевпен оқушылар кездесіп, керекті ақпараттарын алады. ҰБТ жайында да біраз ақпарат айтып өтті.

  • Жергілікті ТжКБ базаларында Техникалық және кәсіби білім беру

жүйесінде 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекітілуіне байланысты Шұбар ауылындағы №18 колледжде жұмысшы мамандықтары туралы ақпарат беру кездесулері ұйымдастырылған.

Осыған орай,  2025 жылдың 06 наурыз күні “Достық” жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогы Л.Шыныбекованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларын ашық есік күніне алып барды. Білім алушыларымыз колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, концерттік бағдарламасын тамашалап қайтты.

Бұл жұмыстар оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға, кәсіби бағдар беру мен ғылымға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

КББП: Л.Шыныбекова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шыныбекова Лаура Маратбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 48 оқылым