Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айкерим
2 мин оқу 215 оқылым

Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Өзін - өзі тану.

Тақырыбы: “Достық неден басталады?”
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз.

Тәрбиеші: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір - бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.

Әңгімелеу
В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.

Ойын: «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Дәптермен жұмыс:
Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, мейірімді, қайырымды.. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көреміз. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп береміз.

Сергіту сәті
(Қимыл - қозғалыспен көрсету.)
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір.
Бұрыламыз оңға бір
Біз мейірімді баламыз.
Біздер тату боламыз
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.

Ғажайып сөздер:
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.

Қорытындылау:
Тәрбиеші: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір - біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір - бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Тәрбиеші; Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір - бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Айкерим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым