Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Досболlike: достық қолын ұсын»

Табылды Айпара
1 мин оқу 71 оқылым

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.Осы құндылықты оқушыларға,қызметкерлерге ұғындыру мақсатында мектебімізде17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында «Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!» ұранымен «Досболlike: достық қолын ұсын» айлық акциясы өткізілді. Мақсаты:мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау,оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету, белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Ең алдымен айлық акцияның ашылу салтанаты өтіп,тәрбие ісінің меңгерушісі-А.Табылды акцияның мақсатымен таныстырды.Жоспарға сәйкес  МДТ және 1-4 сынып оқушылары “Менің досым” тақырыбында сурет салса,5-11 сыныптар достарымен,сыныптастарымен түскен фотосуреттерден коллаждар жасады. Дене шынықтыру пәні мұғалімі-С.Жантөринов бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортпен шұғылдануға баулу,қысқы ойын түрлерін ұғындыру,уақытты тиімді өткізу мақсатында топтық "Қысқы спорттық эстафета" эстафеталық ойыны өткізілді.

Үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақстында  10-сынып оқушылары “Көңілді үзіліс” атауымен әйгілі «Ламбада» биіне барлық мектеп оқушыларын тарта отырып би марафонын  ұйымдастырды. Аға тәлімгер-Т.Елубаева 5-11 сынып оқушыларына достық,жолдастық ұғымдарын кеңінен насихаттау мақсатында «Досыммен көппін» психологиялық тренингтері жүргізілсе,мектеп приезиденті 10-сынып оқушысы-А.Задыгер ЖасҰлан БЖҰ мүшелерімен біріге отырып педагогтер мен кіші қызметкерлерге “Жақсы сөз жанның тынысы” атауымен көңілді акция ұйымдастырып,алғысқа бөленді.Сынып жетекшілер 1-11 сынып оқушыларына «Дос болайық бәріміз» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.

ДТІЖО-А.Табылды бастауыш сынып оқушыларына “Сен білесің бе” ойын сабағын,ұжымға «Додокаэдр» әдісі арқылы психологиялық тренинг өткізді. ЖасҰлан БЖҰ мүшелері көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында таңғы педагогтер,кіші қызметкерлер,оқушыларға “Амандасу” тренингмен күтіп алса, "Қоғамға қызмет" еріктілер клубының мүшелерімен бірге кіші қызметкерлерге және жалғызбасты ата-әжелерге қардан тазарту жұмыстарына көмек көрсетіп,баталарын алды.

Достықты ту еткен халқымыздың ұстанымы әрдайым биік болсын!Осындай берер дүниесі,тағылым мол шаралар көбейе берсін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Табылды Айпара

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым