Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дидактикалық ойындарды балабақшада қолдану

Смагулова Айжан Иргебаевна
3 мин оқу 243 оқылым

Смагулова Айжан Иргебаевна

Балалардың ойлау қабілеті мен зейінін дамыту үшін сөйлеуді дамыту оқу қызметінде дидактикалық ойындарды қолдану.
Мақсаты:Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы,ойлау қабілеттері мен зейінін балалардың тілін,сөздік қорларын,байланыстырып сөйлеулерін дамыту.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып,қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып,тұңғыш Ата Заңның қабылдануы,Білім беру Заңының қабылдануы,ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды,оны жақсартуды айқындай түсуді талап ететіні сөзсіз.Қазақстан азаматтарының білім мен әл –ауқатын арттыруды қамтамассыз ету мен сын қатерлерден шығу жолдарын табу мақсатында Н.Ә Назарбаев «Мәңгілік ел-2050» атты өз жолдауында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін балаларымыздың,жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.«Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту-бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабакшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуындадидактикалық ойынның алатыны өте ерекше.Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, оқу қызметімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.
Балабақша бүлдіршіндерінің негізгі әркеті болғандықтан дидактикалық ойындар – арнайы сөйлеу тілдерін дамыту мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Дидактикалық ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен
қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:
1. Балабақша бүлдіршіндерінің іс-әрекетінде ойын түрлерімен
оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.
1. Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі
1. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой
белсенділігінің күшеюі.
1. Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.
Заттық дидактикалық
Сөздік дидактикалық
Дидактикалық ойынның маңызы:
1. Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2. Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөдік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады.
3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.
Сөзімді қорытындылай келе дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндерінөз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар.Балалар дидактикалық ойындар арқылы ауызша сөйлеп ,сөздік қорларын толықтырады.Әсіресе дидактикалық ойыншықтармен ойындар,қолдың кіші бұлшық еттерін дамытып баланың ақыл ойларының дамуына мүмкіндік береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Смагулова Айжан Иргебаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым