Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 835 оқылым

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден  алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап  сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән- мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма»?,-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні үнемі тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.

             Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады , белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениеті мен дарынын ұштайды.  Мектеп жасына  дейінгі  балалар  көргендерін   байқағандарын,  айналасынан  естігендерін  ойын кезінде  қолданатынын  байқауға болады. Ойын айналадағы  болмысты  бейнелейді.  Ойын барысында  балалар  дүниені  тани бастайды.  Өзінің  күш-жігерін  жұмсап,  сезімін   білдіруге   мүмкіндік алады,  адамдармен  араласуға  үйренеді.

Дидактикалық  ойындарда  міндетті  түрде екі бала  қатысатын  ойындар  түрін  пайдаланған  тиімді.  Ойын арқылы  оқыту  үшін  дидактикалық  ойындар  құрылған. Балаларға тапсырмалар  ойын  түрінде  беріліеді. Бұл  дидактикалық  ойындардың  негізгі  ерекшеліктері.  Балалар  ойнау арқылы  белгілі  бір  білім,  білік, дағдыларды  және  ойын  әрекеттерін  меңгереді. Әр дидактикалық  танымдылық   және  тәрбиелік мазмұны болады. Қорыта айтқанда, ойын  баланың  өміріндегі  тәрбиенің  шешуші  шарты.   Дидактикалық ойын -  балалар   үшін  оқу да, еңбекте. Ол балаларға  өмірде кездескен  қиыншылықтарды  жеңу жолын  үйретіп  қана  қоймай,  ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 892 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым