Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Денсаулық- зор байлық».

Абдуллаева Гулфарида Жаксыбаевна
2 мин оқу 593 оқылым

Білім беру саласы: «Денсаулық»                                                                                      Ұйымдастырылған оқу қызмет тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық».                                                                         Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:  Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;  балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету;балаларды қимылды ойындармен таныстыру.                                         Көрнекі-құралдар: Доп,сиқырлы іздер тағы басқада заттар

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойнату, мадақтау, қорытындылау.

Сайыстың барысы: Балалар залға сап түзеп музыка әуенімен кіреді.

Педагог: Қадірлі жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер «Денсаулық мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!

Сәлем сөз анасы демекші, ал балалар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен сәлемдесейік.

Сәлем бердік, алтын күн,

Сәлем бердік, ашық аспан.

Салем бердік, жер ана,

Сәлем бердік баршаға.

Педагог - Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалардың жауабы: - Күз

Педагог - Далада күн суық па, жылы ма ?

Балалардың жауабы: - Салқын

Педагог - Көңіл-күйлерің қалай ?

Балалардың жауабы: - Жақсы.

Педагог - Өте жақсы балалар.

Педагог: Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.                                                                                                                               Педагог: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?

Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.

Педагог: Дұрыс айтасыңдар.                                                                                         Педагог: Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?

Айқаракөз: Дені саудың-жаны сау.

Айсұлтан:Денсаулық-зор байлық.

Әдемі: Тазалық-денсаулық кепілі.

Жарайсыңдар балалар ендеше спорттық сайысымызды бастайық.

Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды  ескерте отыру.

1.«Алматы» тобы,Топ басшысы  Бекет Айқаракөз

  1. «Достық» тобы,Топ басшысы Тұрсынбай Айсұлтан

Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрады.(Бір топтың балалары – ақ киімде,екінші топтың балалары-жасыл киімде).

1.кезең: «Допты тез жеткіз»

Шарты:Топ басшысы қолындағы допты ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп,допты  келесі балаға береді.Өз команда тізбегінің соңына барып тұрады.Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

2.кезең: «Сиқырлы іздер»

Шарты: Топ басшысы белгіленген шеңбер ішінде тұрады,ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған сиқырлы іздермен секіріп келіп келесі балаға кезекті береді.Өз команда тізбегінің соңына барып тұрады.Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

3.кезең: «Жүйрік ат»

Шарты:Балалар допты тақымға қысып,секіру арқылы  жарысады.Ойынды жылдам,шапшаң,ұқыпты орындаған топ жеңіске жетеді.

4.кезең: «Мерген »

Шарт:Балалар белгіленген сызықта тұрады.Белгі бойынша кіші допты нысанаға лақтырады. Осылайша топтағы барлық бала біткен соң соңғы қатысушыға дейін жалғасады.

Педагог: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын. Балалалр, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.                                                      Қорытынды: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абдуллаева Гулфарида Жаксыбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым