Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 91 оқылым

Нағыметова Гүлмира Әлібекқызы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы

Тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық!»

Балалар екіге бөлініп тұрады. Ақ түсті, сары түсті спорттық киім киген.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана, бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші, бала болып ойлайды, -дегендей, бүгін біз «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық!» спорттық іс-шарасын бастаймыз. Сайыс түрінде өткізетін болғандықтан, сайыс кезеңдерімен, әділ-қазылармен таныстырайын.

Кезеңдермен таныстыру.

1-кезең "Кім жылдам?" ойыны.

2-кезең "Жүйрік пойыз" ойыны
3-кезең "Шалқан"ойыны
4-кезең "Үңгірден өт" ойыны
5-кезең "Сақина салу" ойыны
6-кезең "Капитандар сайысы"

7-кезең "Желаяқтар" ойыны

Әділ-қазы алқасымен таныстыру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та6 күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса, -дегендей, екі топ өздерін таныстырсын.

Таныстыру.                                                                                                                           

Топ ұраны.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса, мың атта,
Аздық етер оның да,
Жету үшін мұратқа -дей отырып, ойын кезеңдеріне кезек берейік.

1-кезең "Кім жылдам" ойыны.
Ойынның шарты: екі тізенің арасына допты қысып доп салатын кәрзеңкеге дейін секіріп допты қалдырып, секіртпемен орнына секіріп келу.

2-кезең "Жүйрік пойыз"ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір қатарға тұрады. Оң қолдарын алдындағы ойыншының иығына қойып, сол қолдарымен сола яқтарын жерден жоғары көтеріп кедергілер арасымен секіріп орындарына келеді.

3-кезең "Шалқан"ойыны
Ойынның шарты: команда  капитаны кедергілер арасынан жүгіріп орнына келеді де, кезекпен өз тобын бір-бірден жинап жүгіреді.

Жүргізуші: Музыкалық үзіліс.

"Гимнасттар"биі

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

4-кезең "Үңгірден өт"ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір-бірден үңгір астынан өтеді.

5-кезең "Сақина салу"ойыны
Ойынның шарты: Құрсауды басынан киіп аяқпен шығару.

6-кезең "Капитандар сайысы"немесе төмпешіктен төмпешікке ойыны
Ойынның шарты: құрсаулардан секіріп оларды белге жинау.

7-кезең "Желаяқтар"ойыны
Ойынның шарты: белгілі бір алаңды жүгіріп орнына келу.

Жүргізуші:

Қызықты өтті бүгінгі сайысымыз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталсын көңілді жарысымыз.

Марапаттау: Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Жүргізуші:

Жарқын шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын.

Осымен, «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық!» атты спорттық іс-шарасы аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Авторы
Нағыметова Гүлмира Әлібекқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 891 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым