Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дені саудың жаны сау, денсаулықты сақтау міндетіміз

Автор

Жумакан
2 мин оқу 28 оқылым

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын алкогольдің кесірінен 3 миллионнан астам адам қайтыс болады екен. Олардың 75 пайызы – ер адамдар.Статистика бойынша елімізде орта есеппен әрбір жетінші қылмыскер мас күйінде қылмыс жасайды. Маскүнемдіктен болған өлім­нің төрттен бір бөлігі жазатайым оқиғалардан, жанжалдан және өз-өзіне қол жұмсауға байланысты жарақаттан, ал төрттен бірі – асқазан-ішек жолдарының аурулары, 19% – жүрек аурулары, қалғаны – жұқпалы аурулар, обыр және психикалық ауытқулардан туындайды деп мамандар дабыл қағуда.

БҰҰ мәліметтері бойынша алкогольден болатын өлім-жітім деңгейі жоға­ры елдердің арасында Қазақстан 10-орында тұр. Алкогольді сусынның көле­мі қандай болса да, денсаулыққа зиян. Бұл туралы зерттеу The Lancet медициналық журналында жарық көрді. Вашингтон университеті ғалымдарының айтуынша, әлемдегі әр үш адамның бірі спиртті сусын қолданады. Алкоголь тұтыну болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін де өте зиян. БҰҰ ұсынған Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 3 мақсаты «жақсы денсаулық және әл-ауқат» екенін ескере отыра зиянды заттармен күрес барлық елде өзекті екенін аңғартады.Қазіргі таңда әлемнің көптеген елінде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруда. Кейбір елдерде алкогольді ішімдік ішуге, сатуға мүлде тыйым салынған. Сонымен қатар, түрлі шектеу түрлері де бар. Мәселен, ішімдік сататын дүкендердің мектепке жақын болмауы, алкогольді ішімдік сататын күндер мен сағаттарды шектеу, ірі спорттық жарыстар болатын күні алкоголь сатпау. Мұндай шектеулерге қоса ел ішінде ішімдікке қарсы күрес үлгілері де бар. Жалпы, адамды маскүнемдіктен арылтудың 12 қадамы бар. Реабили­тация орталығында науқас осы 12 қадамнан өтіп, ем алады. Бір ерекшелігі – мұндай орталықта дәрігерлер мен психологтер ғана емес, кезінде өзі маскүнем болған қарапайым адамдар да қызмет етеді. Осындай шаралардан кейін де айыққандар бар.  «Арақтың адам денесінде зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ, ол барлық ағзадағы нүктелерге дейін улы әсерін тигізеді». Статистика агенттігінің дерегіне сүйенсек, Алматы қаласында әр 100 мың әйелдің 211-ден астамы, ер адамдардың 2330-ы арақ-шараптың кесірінен психикасы мен мінез-құлқы бұзылған. Астанада бұл көрсеткіш 90 және 476-ны құрайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының деректері бойынша, психикалық және тәртіптік ауыт­қулары бар 249 мың адам есепте тұр. Олардың әрбір 12-сі – 25-30 жастағылар, отбасын құрып, ең­бекке араласып, қоғамның бел­сенді мүшелері болатын әйелдер. Ұлттық орталық қызметкерлері бұл мәліметтің толық емес екенін мойындайды. Есепке алынбаған араққа әуестердің қатары одан да көп. Статистикалық дерекке сүйенсек, республика тұрғындарының 35 пайызы ішімдікке үйір екен. Өкінішке қарай, осы дерекке мектеп жасындағы балалар да іліккен. Жоғарыда аталып өткен мәліметтерді ескере отырып, шәкірттеріміз зиянды дүниеден алыс болады деген сенімдеміз.

Нурахметова Г.Г.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жумакан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Құқық

Қазақстандағы неке келісімшартының ерекшеліктері

Ғылыми мақалада Қазақстандағы неке келісімшартының құқықтық табиғаты, жасалу тәртібі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ оны өзгерту және бұзу ерекшеліктері талданады.

Дузелбай Айжан 20 оқылым 6 мин
Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Мен таңдаған мамандық

Автор құқық қорғау саласын таңдауының себебін түсіндіріп, прокурордың міндеттері, қажетті қасиеттері және болашақ кәсіби мақсаты туралы баяндайды.

Нұргүл Петр 34 оқылым 5 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин