Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дені саудың – жаны сау

Гульжанат
3 мин оқу 160 оқылым

               Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Алтынды ауылы  «Балапан» бөбекжай-бақшасы

МКҚК-ның тәрбиешісі

Алдабергенова Гульжанат Муратовна

                                       Дені саудың – жаны сау

Салауатты өмір салтын ынталандыру-әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.

Н.Ә.Назарбаев

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа  арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырды. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың  денсаулығы мықты болуы керектігін айтты. 2008 жылдың 8-ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті.

Қазіргі  таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдай COVID-19 пандемиясы  ушығып тұр. Әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны күннен күнге көбеюде. Қазірдің өзінде жобамен 500-ден астам адам ауырып жатыр. Біздің қолдан келетін  көмек үйден ешқайда шықпай отыру. Алайда адамдардың көбі бұл жағдайға салғырт қарап жүр. Бұқаралық ақпараттардан,теледидардан, инстаграм, телеграм, фейзбук, уацап желілерінде ескертулер таратылып, сақтық шараларын қолдану сұралып жатыр.

Мамандар аурудың негізгі белгілерін атады: бұл дертті жұқтырушылар тыныс алуы  қиындап, өзің үнемі шаршаңқы сезінеді, сонымен қатар қызуы көтеріліп, жөтеліп, тамағы ауырады.

Коронавирустық пневмонияны емдеу кезінде антибиотиктерді қолдануға болмайды.

Әзірге жаңа коронавирусқа қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмек жоқ.

Коронавирусты кез-келген жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін, бірақ балалар   мен 65   жастан асқандар, сондай-ақ иммундық жүйесі әлсіз адамдар ауруды асқындырып алу қауіпі бар  топқа жатқызылады, - дейді Роспотребнадзор.

Сарапшылар қол ұстасып амандасудан, маңдайдан сүюден бас тартуға кеңес береді.  Сондай-ақ, қол мен бетті үнемі таза ұстау керек - зарарсыздандырғыш заттарды қолданыңыз, тамақтанар алдында, жұмыста қолыңызды жуыңыз, компьютердің пернетақтасын, смартфон экранын, қашықтан басқаруға арналған пультты, есіктің тұтқалары мен жақтауларды үнемі сүртіп отырыңыз деп ескертіп жатыр. Үйден шықпауымыз, әрине бірінші орында өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін, екіншіден үйде отырғанымыз өзіміз ауырып қалғанда басқа адамға жұқтырмас үшін және басқа адамнан жұқтырып алмас үшін. Менің ізденуім бойынша бір адамның өзі жиырма адамға дейін  жұқтыру мүмкіндігі басымырақ екен. Ал ауырған адам үйден шықпаған жағдайда  бір адамға жұқтырады екен. Сондықтан менің ойымша барлығымыздың үйде отырып сақтанғанымыз жөн. Менің ойымша, жер жүзін коронавирус жайлап жатқанда одан қорғанудың жолдарын білу маңызды. Себебі бірі белсе, бірі білмейді. Адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел қысса бірден ауруханаға баруға асықпаған дұрыс. Өйткені коронавирус жұқтырған болса, өзгелерге қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті үйден шықпай, жедел жәрдемді үйге шақырған дұрыс.

-Сондай-ақ ауруға қарсы тұру үшін уақытымен тамақтанып, тынығып, спортпен айналысуда өте маңызды және пайдалы. Адамның имунитеті көтеріледі. Бірақ дені сау адамның да тынығып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанғаны артық етпейді. Әрдайым  көпшілік ортада бетперде тағып журген жөн. Менің ізденісім бойынша, коронавирус індеті сыртқы ортаға төзімді емес екен. Дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес екенін және бұл індет 57 градус С және одан жоғары температурада өлетін тәрізді. Сондықтан барлығымыз үйімізді күніне бір немесе одан да көп желдетіп, хлорлы сумен жие сүртіп тұрған абзал.

Қорытындылай келе бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз керек. Барынша үйден шықпай, аурудын алдын алайық. Еліміз  тыныш. Жұртымыз аман. Бейбітшілік заман болсын. Әрдайым аспанымыз ашық болсын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гульжанат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Жаңаша оқытудың тиімді жолдары

Материалда жаңашыл мұғалімнің рөлі, сыни тұрғыдан ойлау және тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау жайы баяндалады.

Гульжанат 5 мин 132 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым