Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дені сау ұлт - жарқын болашақ кепілі

Автор

Жумакан
2 мин оқу 39 оқылым

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адамның саулығы медицина жүйесіне небәрі 10 пайыз тәуелді екен. Ал, 50 пайызы өмір сүру сапасына, денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне, өмір салтына тікелей байланысты. Бұл үшін қоғам да, жеке адам да бір кісідей жұмылып, күш-жігерлерін біріктірулері қажет.
Мақсат — тән мен рухты сауықтыру. БҰҰ-ның «тұрақты даму мақсаттары»концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады.Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылады: Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру. Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету. Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралау барысында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аудару қажеттігін баса айтты. Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмай­тын жол ізде» демекші, түрлі сыр­қаттың алдын ертерек алған абзал. Ол экономикалық жағынан да мемлекетке арзан түседі. Аурудың өршіп кетпеуін тұзақтайтын шараларды дер мезгілінде жүргізу тиімділігін әкелері сөзсіз. Барынша тазалық сақтау қажет. Саламатты өмір салтын ұстанып, салауатты жүргенге не жетсін. Ағзаның қорғаныш қабілетін табиғи жолмен шыңдау – ұлт денсаулығының басты кепілі. Әрине, дұрыс тамақтану мен дәрумендерді ұтымды пайдалану да ағзаның сыр бермеуіне ықпал етеді. Кез келген елдің ең басты байлығы – ұлт саулығы болып табылатындығы сөз­сіз. Міне, сондықтан да бұл іске барынша жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады.

Мырзатаев Н.Д.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жумакан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Құқық

Қазақстандағы неке келісімшартының ерекшеліктері

Ғылыми мақалада Қазақстандағы неке келісімшартының құқықтық табиғаты, жасалу тәртібі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ оны өзгерту және бұзу ерекшеліктері талданады.

Дузелбай Айжан 20 оқылым 6 мин
Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Мен таңдаған мамандық

Автор құқық қорғау саласын таңдауының себебін түсіндіріп, прокурордың міндеттері, қажетті қасиеттері және болашақ кәсіби мақсаты туралы баяндайды.

Нұргүл Петр 34 оқылым 5 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин