Мазмұнға өту

Дала жануарлары қоянға арналған үйшік

Bilimger Media 3 мин оқу 31 оқылым

Бердхожа Жагсалаг


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық,әлеуметтік,коммуникация,таным,денсаулық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу,тіл дамыту,қоршаған орта,математика,құрастыру.

Тақырыбы: Дала жануарлары қоянға арналған үйшік.

Мақсаты: заттардың өлшемі бойынша салыстыру тәсілдерін (қатарластырып қою және беттестіру) үйрету. Аңдарды есте сақтап,қандай жануарлар екенін атау.

Міндеттері:заттарды өлшемі бойынша (беттестіру және қасына қою) салыстыру тәсілін балаларға үйрету; заттардың өлшемін сөзбен білдіру; пішіні бойынша геометриялық пішіндерді топтастыру икемділігін бекіту; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Аңдарды естеріне түсіру.

ҰОҚ- не деген қызығушылығы мен ынтасын ояту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, көрсету, сурет салу,құрастыру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: қорап, аңдар бейнесі (аю, қасқыр, түлкі, қоян,), әртүрлі өлшемдегі шаршылар (5 дана). Трафарет кескінінде берілген қоян бейнесі.

Жоспар кестесі:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

Кіріспе

Негізгі бөлім

Сергіту

Дидактикалық ойын

Рефлексия

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын бөлейік

Осы жылуды бөлмемізге берейік .

Қолымыз жылындыма?

Олай болса жылуымызды бір-бірімізге берейік, қолымыздан ұстайық жылындыма, біз қандаймыз біз тату тәтті достармыз .

Бөлмеге Қоян келіпті қолында қорап бар екен ішінде хат бар екен. Педагог хатты алып оқиды: «Қымбатты балалар, сендерге хат жазып отырған – аңдар. Бізге үйшік салуға

көмектесіңдерші. Біз оны тұрғызған болатынбыз, бірақ ол қайта-қайта құлап, бұзыла береді».

– Балалар, аңдарға көмектесеміз бе? Балалар қорапта тағы не бар екен қаңдаршы бір-бірден пішіндерді алады.

– Ендеше, келіңдер бәріміз аңдарға көмектесейік.Қолдарыңдағы пішіндер арқылы топқа бөлініп тұра қалайық.

2. Негізгі кезең.

Педагог:

–Кәнеки, балалар, аңдарды салыстырайық суретер ішінен үлкен аңдары жинайық

-ал сендер кішкентай аңдарды тауып жинаңдап қойыңдар.

– Ал енді шаршылардан аңдарға арнап үйшік тұрғызайық.

– Аю үшін ең үлкен шаршыдан тұрғызамыз. Ең үлкенін табыңдаршы.

– Ал енді тексерейік: шаршыны екінші шаршының үстіне қояйық (үстіне қою

әдісі арқылы тексереміз) және т.б.

– Оны жеке қоямыз.

– Қалғандарының ішінен ең үлкенін табайық және т.б.

– Ал енді ең кішкентайы қалды. Оны ең жоғарғы жағына қояйық.

– Енді аңдарды үйшікке орналастырамыз. Ең үлкеніне аюды, одан кішісіне қасқырды, оданда кішісіне түлкіні, ең кішісіне қоянды кіргіземіз.

– Міне, қандай үйшік шықты: үлкен,кішкентай, одан кішкентай, одан да кішкентай, ең кішкентайы.

Аңдардың барлығы риза болып, алғыстарын айтып жатыр сендерге.Міне,сендер қандай әдемі үйшіктер құрастырдыңдар.

Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян

-Сурет салу Қоянның суретін дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен салу

Балалар трафарет арқылы қояның бейнесін шығару.

-Көлеңкесін тап дид ойын: Аңдардың көлеңкесін табу.

Дидактикалық ойын: «Аңдарды қоректендіру».

Шарты: Балалар берілген аңдардың,қорекерін тауып алып ,аңдарды қоректендіреді.

3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Жарайсыңдар! Біз қандай керемет үйшіктер тұрғыздық. Астында үлкен шаршы, сосын одан кішкенесі, одан да кішкенесі, одан да кішкенесі, сосын ең кішкентайы.

балалар іс-әрекеттерді орындайды.Бірге қайталайды.

Балалар назарларын қоянға аударады.

Қолдарына геометриялық пішіндерді алып,топқа бөлінеді.

Топқа бөлініп тұрады,әр топқа бөлініп тұру арқылы өздеріне берілген тапсырманы орындайды.Аңдарды атап,салыстырады.

Балалар аңдарға үйшікті беттестіру,салыстыру тәсілі арқылы құрастырып, тапсырманы орындайды.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.

Балалар дәстүрден тыс тәсілі арқылы суретті бояйды.

Аңдардың көлеңкесін тауып орналастырады.

Аңдардың қоректерін тауып қоректендіреді.

балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: аю, қасқыр, түлкі, қоян;

түсінеді: өлшемі бойынша заттарды салыстыру дағдысын

(үстіне қою, қасына қою);

қолданады: пішіні бойынша геометриялық пішіндерді топтастыруды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин