COVID - 19 коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтуде
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты COVID-19-ға қарсы вакцинаны дайындауға наурыз айының ортасынан бастап кірісті. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда БҚПҒЗИ ғалымдары алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді.
ДДСҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері ДДСҰ регламенттеген барлық параметрлер бойынша вакцина ДДСҰ мен ҚР мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.
БҚПҒЗИ вакцинаны антиденелер титрі жоғары иммуногенділікті көрсеткен приматтарда да сынақтан өткізіп жатыр. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін вакцинаның клиникалық сынақтары басталады.
Сондай-ақ, БҚПҒЗИ әртүрлі платформаларда тағы 3 вакцинаны дайындап жатыр.
@edu_news_qz
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/covid-19-koronavirus-infektsiyasyna-qarsy-qazaqstandyq-vaktsina-synaqtan-satti
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.