Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Cиқырлы дыбыстар. О о дыбысы мен әрпі.

Меңдібаева Айман Батырбайқызы
3 мин оқу 57 оқылым

Меңдібаева Айман Батырбайқызы
№31 "Бастауыш мектеп-балабақша" кешені КММ
Тәрбиеші

Тақырыбы: Cиқырлы дыбыстар. О о дыбысы  мен әрпі.
Мақсаты: О о дыбысы мен әрпін  таныстыру,пысықтау. Сөздік қорларын молайту.Мақал-мәтелдер,жаңылтпаш   тар,ұлттық ойындар арқылы, қазақ халқының мәдени құндылықтарын құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындату  арқылы дыбыс, сөз, сөйлем туралы ойларын дамыту.
Міндеті:Комуникативті,танымдық,шығармашылық,әлеу меттік,физикалық дағдылардың мақсатын жүзеге асыруға,  топта  өзін-өзі белсенді түрде көрсетуге, қызықты, мазмұнды іс-әрекеттерге арналған тапсырма ларды  орындауға құлшыныстарын қалыптастыру.

1.Ой қозғау.

Амансызба,дейміз барлық адамға
Амандасу парыз маған,саған да
Бәлкім содан ұзарады жасымыз
Ауырмаймыз менде,сізде бәріміз.

Өткен тақырыпты еске түсіру.

2.Ойын: «Кім жылдам?»
- Бүлдіршіндер,сауат ашу әлемінде не үйренеміз?
-Дыбыстар,әріптер,сөз,сөйлем,буындар.
-Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты ауызбен айтамыз,
құлақпен тыңдаймыз.
-– Әріптер дегеніміз не?
-
Әріптерді көзбен көреміз,қолмен жазамыз.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?  -Екіге. -Қандай?

-Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар.
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Дауысты дыбыстарды әндетіп
,кедергісіз, созылып еркін айтылады.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-Кедергімен,созуға келмейді.

- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
Әріп,дыбыстың таңбалануы екен.
- Сөйлемнің соңына не қойылады?
-Жарайсыңдар,қымбаттыларым!Ендеше,жаңа оқу қызметін ертегімен бастайын.Сендер мұқият тыңдаңдар.
3.Қызығушылықтарын ояту   Ертегі айту. Ертеде [О] деген дыбыс өмір сүріпті. Ол ән айтқанды  өте жақсы көреді  екен. Ол әнді жан-тәнімен беріліп айтады.  Ән айтқанда аузы дөп-дөңгелек болып кетеді екен. Кәне, ол өлеңді біз де айтып көрейікші (әндетіп айту: О-о-о-о!) Ол барлық нәрсеге таңдана қарайды
Қандай әдемі бұлт! (Қалай таңданатынын көрсетейік: О-о-о-о!)
Қандай терең көл! (О-о-о-о!)
Қандай биік тау! (О-о-о-о!)
Айналасындағылар [О] дыбысын жақсы көріпті.
Адамдар онымен бірге «О-о-о-о!» деп бірге таңданады екен.
Сендер де [О] дыбысын айтып көріңдерші. Қалай айтылады?
Ерніміз алға қарай дөңгелене сүйірленеді. [О] дыбысын айтқанда, дыбыс кедергіге ұшырай ма? Жоқ.
Олай болса, О – қандай дыбыс екен?
О дыбысы дауысты дыбыс екен.
4.
Тіл ұстарту жаттығу.
Ой, ой, ой, той, той, той.
Ор, ор, ор, тор, тор, тор,
Ол, ол, ол, тол, тол, тол.

5.Сергіту сәті.

А-дыбыын көтергенде, айналады.
Т -дыбыын көтергенде,аяқтарын тақылдатады.
Ш-дыбыын көтергенде,шапалақтайды.
О-дыбыын көтергенде,отырады.
6.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Ой қозғау.

Бүлдіршіндер суреттерден не көріп тұрсыңдар?   Орамал.
Орамал әдемі екен.
Орамалдың түсі қандай,көлемі қандай?
Орамалдың түсі қызыл.Көлемі үлкен.

Әжем ожаумен ас құяды.

Орындықта Самат сабақ оқып отыр.
Достарыммен ойыншық ойнаймыз.
Атамның  оюлы тақиясы бар.
7.О дыбысының қалай таңбалатынын көрейік.

О әрпі неге ұқсайды? (Дөңгелекке, допқа, тоқашқа, сақинаға т.б.)

О-ны әртүрлі көңіл күймен айтып көрейік.

Мектеп сиқырлы орманның ар жағында болатын. Біз мектепке көңілді күймен шықтық. (Көңілді айту: О-о-о-о!) Орманның ішіне кіргенде, әдемі көріністі көріп, қатты таңдандық. (Таңдану, қызығу: О-о-о!). Орманның ішінде адасып кеттік. (Қорыққан дауыспен: О-о-о-о!). Алдымыздан орманшы атай шықты.
(Қуанышты дауыспен: О-о-о-о!).
8. Ожау сөзіне дыбыстық талдау жасату.Неше буын?

1-ші дыбыс қандай? (о – дауысты, қызыл текшемен белгілейміз)

2-ші дыбыс қандай? (ж-   дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)

 3-ші дыбыс қандай? (а – дауысты, қызыл текшемен белгілейміз)

4-ші  дыбыс қандай?(у-дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)

-Неше дауысты дыбыс? (2)

-Неше дауыссыз дыбыс? (2)

-Барлығы неше дыбыс? (4)

(бір бала тақтада, қалғандары орындарында)

9.Ойын:«Орамал тастамақ»
Шарты:Мақал мәтелдер,жаңылтпаштар айту.
10.Дәптермен жұмыс.

Қортынды. Сұрақ-жауап

Балаларды мадақтау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Меңдібаева Айман Батырбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 266 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым