Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бүгін қай күн

БАЛТАБАЕВА АЙНҰР
3 мин оқу 81 оқылым

Тақырыбы: Бүгін қай күн?
Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманың мазмұнын тұсіну; музыкалық көркемдік құралдарды (динамика, дыбыстың жоғарылығын), музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпындыру. Имандылық-инабаттылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: жұмбақ, тақпақ, өлеңдер арқылы апта күндері, оның аталуы, күнтізбе жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.
Отбасындағы дәстүрлер (жұма - қасиетті, киелі күн), демалыс күндерінің өткізілуі туралы әңгімелесу; фотосурет көрмесін ұйымдастыру.
Іс-әрекет кезеңі:
Өлең оқу
Дүйсенбіде - басы ауырып жатты,
Сейсенбіде - іші ауырды қатты,
Сәрсенбіде - аяғы ақсады,
Бейсенбіде - азу тісі қақсады,
Жұма күні жөтел қысып,
Сенбі күні тобығы тайыпты...
Ал жексенбіде құлан-таза айықты!..
Сонда оның сырқатын
Қалай атау лайықты?
«Кеше, бүгін, ертең, одан арғы күн» ұғымдарын меңгерту.
Ән тыңдау. «Рондо-марш». Д. Кабалевский.
- Бұл музыка қалай аталады?
- Музыка қандай көңіл күйде жазылған?
- Марш музыкасымен қандай қимыл жасауға болады?
_ Дұрыс айтасыңдар, бұл музыка әуенімен тізені көтере, қолды сермеп, басты, арқаны тік ұстап, сарбаздар секілді жүру керек. Д. Кабалевский - композитор, балалар туралы көптеген шығармалар, әндер жазған. Жеңіл би музыкаларын, көңілді әндерін өздерің секілді балаларға арнаған.
Ән айту. «Бүгін қай күн?» С. Мұхамеджанов.
- Балалар, кім күн аттарын атап береді?
- Жеті күнді қалай атаймыз?
- Бүгінгі күнді келер күні қалай деп атаймыз, одан кейінгі күнді ше?
- Өткен күнді қалай дейміз?
Балаларға ән арқылы аптадағы жеті күнді атап, кеше, ертең, арғы күні деген ұғымдарды есте сақтап қалу үшін, қайталатып отыру.
- Ән қалай орындалды?
- Сендерге қай күн көбірек ұнайды?
- Ән айтар алдында денені тік ұстап, дыбыстың кедергісіз шығуына жағдай жасайық.
- Дауыс жаттығуын жасап, дауысты қалыпқа келтіріп, әнді айқайламай, бір-бірімізді тыңдап орындайық.
Психологиялық жаттығу: Қимылды есте сақта. Жаңылтпаш ойын: «Ұшты-ұшты».
Әуенді қимыл-қозғалыс. Марш екпінінде қолға жалаушалар ұстап, музыка әуенімен жаттығулар жасау. Қолды екі жаққа жайып, жоғары көтеру. Екі қолды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу.
Қолды төменнен жоғарыға қарай біртіндеп көтеріп, ортаға жиналу, кері қарай қимыл жасап, қолды біртіндеп түсіру.
Музыка әуенін қимылмен ұштастыра білуге талпынту.Музыкалық аспапта ойнау: Сылдырмақ.Белгілі бір әуеннің ырғағын сылдырмақпен ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Әліппе-дәптермен жұмыс.Қорытынды: Қысқаша күн аттарын атап беріңдер. Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?
Жақсы, белсенді араласқан балаларды ерекше атап өту;
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.
Бағдарламалық мазмұны: Балалардың музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін (баяу, сабырлы, мұңды) сезіну, жанрларды ажырата білу қабілетін дамыту. Сюитаның авторлары туралы түсінік беру.
Әнді табиғи дауыспен, мәнді орындауға жетелеу.
Пайдаланылатын құралдар: күз көріністері, табиғи материалдар (жапырақтар, бүршік, жаңғақ, т.б.)
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: күзгі табиғатты бақылау. Күз суреттері, табиғи заттардан қол еңбегі көрмесін ұйымдастыру.
Жұмбақ, тақпақ жаттау. Іс-әрекет кезеңі:
Қара суық тұрады Ызғарлы жел соғады. Дәу қара құс көрінеді, Көзінің жасы төгіледі. Бцл қай кезде болады?
- Күз айларын атаңдар.
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жапырағын сыпырады, қайыңды жел тонады, Қартайған адам сықылды, қайың енді тоңады. Бцл қай кезде болады?
- Бұл жұмбақта қандай ағаш аталды? Басқа қандай ағаштар болады?
- Құстар мен жануарлар қандай өмір кешеді?
Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Күз. Б. Ерзакович.
- Ән не туралы?
- Ән қалай орындалады?
- Неге сондай мұңлы?
Ән айту. «Күз ырғағы». Д. Ботбаев.
Әнді орындау кезінде музыка ырғағына сәйкес қимыл жасау.
Алтын сары, қызыл, көк... Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Әуенді қимыл-қозғалыс. «Жапырақтар биі». М. Раухвергер.
- Балалар, «Күз ырғағы» әнінің музыкасы бойынша күз ырғағын қандай қимылмен бейнелеуге болады?
- Енді түрлі түсті күзгі жапырақтармен билейміз. Музыкалық-дидактикалық ойын: «Жаңбыр», «Кім тез
жинайды?»
Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.
«Дың-дың» — қоңыраумын, «Дың-дың» - соғыламын, «Дың-дың» - қағыламын.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Күз айы нешеу? Алақандарыңды оңға (солға) қарай шапалақтап көрсетіңдер. Күз қандай? Қимылмен көрсетіңдер. (Музыкамен сүйемелдеу).
Есте сақта! Күз тек суық, ызғарлы желімен, жаңбырымен ғана танымал емес. Жомарт күзбен келесі сабақта танысамыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

БАЛТАБАЕВА АЙНҰР

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 410 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым