Мазмұнға өту

Бөрікті әшекейлеу

Bilimger Media 3 мин оқу 66 оқылым

Сапарбаева Акмарал Али-Айдаровна
Түркістан  облысы, Түркістан қаласы
«№31бастауыш мектеп-балабақша» кешені КММ
Тәрбиеші


Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық, Коммуникация

ҰОҚ: Жапсыру

Тақырыбы: « Бөрікті әшекейлеу»

Мақсаты:Балаларға қазақтың ұлттық бас киімі – бөрік туралы түсінік беру, оның түрлерімен, қолданылу ерекшелігімен таныстыру; шығармашылық қабілетін дамыту; ұлттық құндылыққа құрмет сезімін қалыптастыру.

Міндеттері:Бөріктің құрылымын, жасалу жолын, ұлттық киім ретіндегі маңызын білу.Қию, жапсыру, құрастыру дағдыларын дамыту.

Ұқыптылық, түсті таңдау, композиция жасау қабілеттерін жетілдіру.

Ұлттық дәстүрді құрметтеуге, еңбекке баулу.Эстетикалық талғам қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қағаз , картон, түрлі-түсті  қағаз, мақта, жіп, желім қайшылар, моншақтар,үкі .

Іс-әрекет кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңберге жинау.

Ұлттық музыка (күй) қосу.

-Армысын алтын күн!

-Армысын көк аспан!

-Армысын жер ана!

-Армысын жан досым!

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап жылуларын береді.

-Балалар көңіл күйіміз қандай?

Балалар өте жақсы.

Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Балалар мен сендерге жұмбақ  жасырамын шешуін табуға тырысындар.

1.Маңдайы бар тілі жоқ,
Құлағы бар үні жоқ.
(Құлақшын)

2. Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
(Көйлек)

3.Таңертең тұрдым,
Екі сайды құдым.
(Шалбар)

4.Бес ін, бес інің
Аузы бір ін.
(Қолғап)

Ал, балалар ең басты бүгінгі біздің жапсыру оқу іс-әрекетімізде тақырыбы осы қорапшада жасырулы сол себептен мұхият тыңдап дұрыс шешуін табайық.

5.Күндіз төбеңе шығады,
Түнде шегеге шығады.
(Бөрік)

Жұмбақтын шешуі дұрыс бекен көрейік. Әдемі үлкен қорапшаны ашады ішінен бөрік шығады.

"Бас киім" туралы қысқа әңгіме жүргізу:

Балалар, қазақ халқы бас киімге үлкен мән берген. Оның бірі – бөрік. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.

Бүгін біз ұлттық құндылығымызды сақтай отырып, өз қолымызбен бөрікті әшекейлейміз.

  1. Мотивациялық-ояту

Сурет көрсету:

– Қыздар бөрігі

– Жігіттер бөрігі

– Тұлым, үкі, ою, тері түрлері

Сұрақтар:

Бөрік не үшін қажет?

Оның қандай түрлері бар?

Ою нені білдіреді?

Неліктен бөрікке үкі тағады?

  1. Негізгі бөлім (Түсіндіру + іс-тәжірибе)

Балалар біздің бүгінгі дәйексөзі «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.» қанекей бірге қайталайық.

Үш түрлі бөрікті әшекейлеуді балалармен орынау.

  • Картон қағазда ойылған бөрікті қағазды умаждау әдісімен әшекейлеу.
  • Қағазды екіге бүктеп бірінші бетіне бөрікті ойып, екінші бетіне түрлі-түсті қағазды қиып жапсыру.
  • Пенакартоннан бөрік үлгісін жасап түрлі заттарды жапсырып әшекейлеу. a) Бөріктің құрылымы:
  • Төбесі, жиегі, тымағы (теріден),үкісі,оюлары
  • Қарапайым тілмен түсіндіру, тақтада үлгісін көрсету.

б) Жапсыру технологиясы (қадаммен)

  1. Дөңгелек формада бөріктің негізін қиып алу.
  2. Оған жиек бөлігін жапсыру.
  3. Бөріктің жоғарғы жағына ою-өрнек орналастыру.
  4. Мамық (ватка) қолдана отырып жиегін сәндеу
  5. Орта тұсына үкі элементін бекіту.

Балалар жұмыс барысына қауіпсіздік ережесін еске салу.

  1. Сергіту сәті Көтеріліп шаңырақ, Уықтары  шаншылды,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болы көрінер

  1. Жұмыс орындау

Балалар өз бөріктерін жапсырады.

Педагог жекелей көмектеседі, түстерді үйлестіріп таңдауға бағыт береді.

  1. Қорытындылау: балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастыру.

Әр бала өз жасаған бөрігін таныстырады.

Тыйым сөздер:

1.Бас кимді лақтырма,

2.Бас кимді теріс киюге болмайды,

3.Бас ктімді босағаға емес төрге ілу керек.

Бөрік туралы мақал- мәтелдер айтайық.

1.Бөрік – басқа көрік.

2.Бөрік астында бөрі бар.

3.Бас сау болса, басқа бөрік табылар.

4.Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.

5.Бөрік кигеннің бәрі батыр емес

Балалармен қотынды ретінде ойын ұйымдастыру.

1.«Ұл бала мен қыз баланы киіндіру.»

2.«Төрт түлік малды құрастыр.»

3. «Қалпақтарды құрастыр»

Педагогтің қорытынды сөзі:

«Бөрік – халқымыздың қадірлі бас киімі. Ұлттық киімді сүйіп, қадірлеу – өз тарихымызды құрметтеу.»

Күтілетін нәтиже:

Балалар бөрік түрлерін таниды.

Ою-өрнекпен сәндеу дағдысы қалыптасады.

Шығармашылық жұмысты өз бетінше орындайды.

Ұлттық құндылыққа қызығушылық артады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин