Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ізмағанбетова Камшат
3 мин оқу 21 оқылым

Туржанова Жаркын Айдыновна

«Шолпан» бөбекжай-бақшасы, тәрбиеші

Атырау облысы, Махамбет ауылы

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта

Бөлімі:  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін күту»

Мақсаты: Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту

Білімділік міндеттері: Гүлдердің құрылысымен таныстыру, оларды күтіп, баптауға үйрету, қалай топыраққа отырғызу жайында көрсете отырып, түсіндіру.

Дамытушылық міндеттері: Сөздік қорларын, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеттері: Табиғаттағы гүлді сүюге, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз-нәзік қыздармыз!

Біз-ержүрек ұлдармыз!

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы күн достарым!

Тәрбиеші: Балалар, табиғат дегеніміз не?

Балалар: Қоршаған орта: су, тау, жер.

Бүгін біз табиғаттың бір бөлігі гүлдерге тоқталамыз. Гүлдер бау-бақшаның сәні, әрі біздің досымыз.

Балалар, сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Балалар: раушан гүл, кактус, қазтамақ, фикус.

-Гүлдердің қандай пайдасы бар?

Балалар: ауаны тазартады.

Гүлдер не үшін керек? Гүлдер қайда өседі?

Балалар: үйде, далада, гүлзарларда.

Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

Балалар: су, ауа, күннің көзі.

Балалар  гүлдер қалай қоректенеді екен?

Осыған байланысты мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, барлығын мұқият тыңдаңдар.

Құлпырса қадірлейді, аялайды

Қураса сыпырғышқа жарамайды. Ол не?

Балалар: Гүл

Үйде тұрып өсетін,

Әкеп гүлдің көшетін.

Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға

Тәрбиеші: балалар, бұл өлең не жайында?

Балалар:Бөлме гүлі жайында

Осы кезде есік қағылып, қолында суға салынған гүлі бар Дымбілмес келеді.

Сәлемессіңдер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрауға келдім.

  • Маған досым бір гүл беріп еді, енді оны не істерімді білмей тұрмын, маған көмектесесіңдер ме? Балалар, әуелі Дымбілмеске гүлдер туралы тақпақ айтып берейік.

Балалар:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл, жасыл, көк гүлдер

Тұра берші жайқалып,

Бақшамызда көп гүлдер.

2-бала Қызыл, жасыл гүл егіп,

Баптап күттік, түрлеттік.

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардық.

3-бала

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, көкшіл, сары

Әп-әдемі бәрі.

Олай болса балалар, Дымбілмес бәрің маған жақынырақ тұрыңдар.

-Ал, Дымбілмес гүліңді бізге бере ғой, қазір біз бәріміз бірге оны топыраққа отырғызамыз.

-Бұл гүлдің аты «Барқытгүл» деп аталады.Ал енді қараңдаршы гүлдің сабағында не өсіп тұр?

-Ал тамыры шыққаннан кейін гүлді не істеуіміз керек?

-Енді топырақтан кішкене шұңқыр жасап гүлді отырғызамыз. Содан соң оған су құямыз. Ал енді осы табиғат бұрышымыздағы гүлдерге назар аударыңдаршы, олардың айырмашылықтары бар ма?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл гүл «Кактус» деп аталады. Ал мына гүлдің аты «Аспедистро», «Қазтамақ», «Фикус» деп аталады. Осы сияқты әрбір гүлдің өз аты, ерекшеліктері болады. Айтыңдаршы біз гүлдерді не үшін өсіреміз?

- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Тобымызда неғұрлым гүл көп болса соғұрлым ауамыз таза болады екен. Гүлдер жапырақтарына шаң тозаңдарды жинап алып, бізге таза ауаны жіберіп тұрады екен. Сондықтан біз гүлдердің шаңдарын сүртіп, тазартып отыруымыз керек.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам,

Қанатты бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Воскобович дамытушы ойыны «Ғажайып гүл»

Мақсаты:  Гүл күлтелерінен әдемі гүлді құрастыру.

Дымбілмес: Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер.

Бөлме өсімдіктері туралы көп мағлұмат алдым. Енді мен де гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сау болыңдар!!!

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау:

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

- Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

- Гүлдің сырт келбеті қандай?

- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? Жақсы қатысқан  балаларды мадақтау. Қатыспай отырған балаларды алға тартып ынталандыру.

Қоштасу шеңбері:

Біз ерекше баламыз

Шырқап әнге саламыз

Жақсы оқып оқуды

Ылғи алда боламыз

Осымен біздің «Бөлме өсімдіктеріне» арналған ашық оқу қызметіміз өз мәресіне жетті.

Бағалау және мадақтау.

Авторы
Туржанова Жаркын Айдыновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Ізмағанбетова Камшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Бау-бақшада, бақтарда »

Балалар күздің ерекшеліктерімен танысып, бақтағы жемістер мен бақшадағы көкөністер туралы әңгімелейді. Сабақта тақпақтар мен жұмбақтар қолданылады.

Ізмағанбетова Камшат 3 мин 148 оқылым
Балабақша

«Көшедегі көліктер»

Балаларға арналған сабақта жер, су және әуе көліктерінің түрлері мен қызметі таныстырылады. Ойын, жұмбақ және құрастыру тапсырмалары қамтылған.

Ізмағанбетова Камшат 3 мин 99 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі мекемедегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын кешенді қолданудың тиімді жолдары

Материалда мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологияларын кешенді қолдану жолдары, мақсаты және баланың денсаулығын бақылаудың маңызы қарастырылады.

Ізмағанбетова Камшат 19 мин 59 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым