Мазмұнға өту

Болашағым-өз қолымда!

Bilimger Media 2 мин оқу 100 оқылым

Болашақ-біз ұстай алмайтын,біз білмейтін ғажап дүние.Ақиқатындаызығушылық пен талпынысты,ынтызарлықты әр адамның бойынан көру мүмкін емес болып жатады .Неге десек,қазіргі таңда болашағы үшін еш алаңдамайтын жандар да жетерлік екені рас.Ал,мен үшін "болашақ " сөзінің өзі үлкен маңызға ие.Себебі,ол менің келешек өмірім мен келер күнім.Ия, Болашағым-өз қолымда.Өйткені,оны өзгертетін де,іргетасын қалайтын да өзім.Болашақ сәтімнің жай судай шайылып кетуіне немесе жарқыраған күндей болуына жауапкер мен. Мен болашағым үшін бәріне дайынмын десем де болады.Хакім Абай "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық"дейді.Бұл сөздер менің болашағыма бағдар болған өмірлік ұстанымыма айналды.Себебі, болашағымда "Мен"өз адами қасиетімді жоғалтып алғым келмейді.Келешекте ұтымды ой мен салмақты пікір айта алатын жеке,дара тұлға болып өз орнымды тапқым келеді.Ал,ол үшін мен қазірден бастап соған қарай жол ашуым қажет.Меніңше,рухани жан дүниеммен тәнім арасында көпір орнатуым маңызды.Өз келер күнім үшін уақытты өлтірмей,алға қарай жетелейтін шам жағамын.Сонда ғана мен сол шамның жарығы арқылы болашақта нағыз дара тұлға атанамын.Ал,оған ілкімді ізденіс пен зерделі зерттеу нәтижесінде ғана жете аламын.Тек ол ғана емес жан дүниемдегі ар мен қызығушылықты қазірден бастап басқара алатындай,ерекше мінез қалыптастырамын.Өйткені,болашағымның бастамасы,осы шақтан бастау алады.
Түбі терең, тағылымы таудай биіктікке жетудің сан алуан жолы мен соқпағы бар.Сол биіктікке жетуім үшін істеген әр ісім,әр сөзім,әр ойым ол менің болашағыма деген қадамдарым.Менің ойымша,болашақ ол ұрпақ қолындағы өмір секілді.Өйткені,тек білімді ұрпақ келер күннің негізін қалаушы.Осы сөздерді жазып отырып ойыма бір ғұламаның айтқан сөзі келді: "Болашағыңды білгің келсе, қазіргі әрекеттеріңе қара"-,дейді.Неге? Өйткені,біздің осы кезде жасап жатқанымыздан келешекті болжау қиын емес шығар.Біріміз оқып,бар ынтамызды білім мен ғылымға аударсақ,біріміз болашақ не екенін де түсінбей жатамыз.Міне,сол үшін де мен өз ойымды оқу мен теңіздей терең мағыналы шығармаларды біліп,оларды тануға аударудамын.Себебі,сапасы жоқ сөз арқылы,білгені тайыз білім арқылы қай адам жетістік дейтін таудың биік шыңына көтеріле алады?!Әрине,еш адам білімсіз оған жете алмайды.Ал,бұл биіктікті еңсере алмаған адам елдің ертеңі бола алмасы кепіл.Сондықтан да мен болашақ ел күні мен туған жердің гүлденуіне үлес қоса алатындай адам болуға талпынамын.Оған себеп Болашағымның өз қолымда болуы.

Қазіргі таңым ол менің болашағымның айнасы.Сол айнаның айқын,таза болуына себепші ол-мен.Болашақ күн мен оның өзгерісі менің қолымда.Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.Бастысы-ертеңге деген сенім жоғалмауы тиіс дегім келеді!

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:22

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин