Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

"Бөбек" орталығында аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін сауықтырылды

Bilimger Media
1 мин оқу 58 оқылым

2023 жылдың басынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында еліміздің барлық өңірлері бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін сауықтыру шараларын қабылдады.

❇️Бүгінге дейін «Бөбек» орталығы 7 сауықтыру ауысымын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының балалары келіп, қатысты.

✴️Балаларды сауықтырудың тиімділігі медициналық оңалту қағидаларына негізделген, бұл - емдеу-сауықтыру іс-шараларының жүргізілу реттілігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, емдік-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау шаралары. Әрбір балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады.
22 күндік сауықтыру бағдарламасында медициналық тексеру және медициналық бақылау, фитотерапия, сауықтыру массажы, физиотерапия, шунгит терапиясы, тұз шахтасы, бейімделген дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, психологпен сенсорлық бөлмедегі жаттығулар, 6 рет тамақтану, спорттық іс-шаралар, Алматы қаласы бойынша экскурсиялар қамтылған.

🔰Айта кетейік, «Бөбек» ҰҒПББСО Алматы қаласында жыл бойы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, емдеу процедуралары мектеп бағдарламасы бойынша оқумен біріктірілген. Одан бөлек, орталықта балалардың ой-өрісін кеңейту үшін қызығушылықтарына қарай әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылған.

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:21

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 444 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым