Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Біз табиғаттың досымыз!

Bilimger Media
2 мин оқу 67 оқылым

Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Біз табиғаттың досымыз!
Мақсаты:Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы
байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау,зерделеуін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қамқор болу
Көрнекіліктер: Табиғат байлықтарының суреттері.
Шаттық шеңбері
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз! Табиғат –природа (Сөздікті қайталатады)
-Балалар,табиғат дегеніміз не?
-Табиғат –бізді қоршап тұрған әлем.
-Табиғатқа нелер жатады?
-Жер,ауа,су,аспан,жануарлар,құстар,өсімдіктер,балықтар жатады.
-Табиғат нешеге бөлінеді? Кәне,кім атайды?
-Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат.
-Өте жақсы.Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Жер ортақ,себебі бәріміз жерде
жүреміз.Ауа ортақ,бәріміз ауамен тыныс аламыз.Күн,аспан әлемі
ортақ,күннен жылуды бәріміз аламыз.Айдың ,жұлдыздың жарқырағанын
бірге көреміз. Су ортақ,себебі сусыз тіршілік жоқ. Бәріміз де суды
пайдаланамыз.Судың қандай пайдасы бар?
-Су- шөлдегенде ішеміз.Шомыламыз.Тазалық үшін су қажет.
-Дұрыс айтасыңдар, ал өсімдіктердің қандай адамдарға пайдасы бар?
-Өсімдік өссе ауаны тазартады,себебі біз сол ауаны жұтамыз.
-Ағаштар өсіп,жеміс берсе біз оны жейміз,себебі денсаулыққа жеміс-
жидектер,көкөністер пайдалы.
-Бөлме гүлдерін өсірсе адемі болып тұрады ,әрі бөлме ауасын тазартады.
,,3Сергіту жаттығуы.
Күнімді сүйем сәулелі шуағы үшін,
Жерімді сүйем бау-бағы ,топырағы үшін,
Елімді сүйем достығы жарастығы үшін,
Теңізді сүйем шипалы суы үшін! (Балалар қимыл-әрекетпен орындайды)
Табиғат пен адам тығыз байланысты.Адам табиғаттан өзіне керегінің бәрін
алады. Үй тұрғызу үшін тас керек,ағаш керек.
Жол жасау үшін табиғи өнімдер қажет. Киімдер тігу үшін мата керек. Матаны
жіптен жасайды.Жіп өсімдіктерден алынады. Дәрі-дәрмектер де өсімдіктен
алынады.
Д/О: «Неден жасалынады?»
Шарты : теледидардан заттардың суреттері көрсетіледі.Балалар қол көтеріп
неден жасалынғанын айту керек.
Біз табиғаттың досымыз. Табиғатты қорғау-баршамыздың ортақ ісіміз.
Табиғатқа қалай қамқор болу керек. Қамқор болу деген- жанашыр болу
деген сөз. Табиғатқа қалай пайда келтірер едіңдер?Табиғатты қалай
қорғаймыз?
Балалар өз ойларын айтып береді.
-Құстарды атуға болмайды.
-Ауаны ластауға болмайды,орманды өртеуге болмайды.
-Ағашты сындыруға,өсімдіктерді жұлуға болмайды.
-Табиғаттты қорғау керек. Құстарға ұя жасау керек.Гүлдерді суару керек.
Табиғат үшін бәріміз күресейік,
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік. (Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жаттап
алады)

Күтілетін нәтиже: Білуі керек:Қоршаған әлем туралы көзқарастары
қалыптасады
Нені игереді: Табиғат пен адам арасынын байланысын түсінеді
Нені білді: Табиғаттағы әрбір затқа жанашырлықпен қарауға,қорғауға
үйренеді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 340 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 96 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым