Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Біз білімді балдырған

Жұматаева А.А.
2 мин оқу 949 оқылым

Жұматаева А.А.

ортаңғы «Қызғалдақ тобы» балаларымен өткізілген

ұйыидастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Біз білімді балдырған»

Мақсаты:

1.Балаларға қоршаған ортадағы жануарлар, құстар, жәндіктер туралы мағлұмат беру.Қоршаған ортаға  сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасауға үйрету.

  1. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту
  2. Балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру,бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буратино, жұмбақтар, жеке тапсырмалар, қарандаштар,сиқырлы қалам.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, тілдік жаттығу,мультимедиялық проектор арқылы бейне слайд, жұмбақ шешу, фонематикалық дыбыстық ойын.

Билингвалдық компонент: Ағаш- дерево, жүк машинасы- грузовая машина.

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті,қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Таңғы жиын

Сәлем деймін күнге!

Сәлем деймін сендерге!

Сәлем деймін апайға!

Қонақтарға құстарға!

Менің қолымда не көріп тұрсыңдар?

Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз жарық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

Қане, балалар осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайық.

Есік қағылып Буратино келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Буратино: «Бұл білім әлемі ме?»

- Ия, Буратино бұл жер балабақша. Бірақ  «Біз білімді балдырғанбыз»

Буратино: Мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, маған ормандағы жануарлар білім әлемінен табасың деді. Маған көмектесесіңдер ме?

Біздің тақырыбымыз: «Біз білімді балдырған»

Олай болса Буратиноны ертіп жол көрсетейік. Жолға шығу үшін көлік түрін таңдап мінейік.Поезға отырайық.

Бір рет айналу.

1- ші аялдама: «Санамақтар», «Ойнайық та, ойлайық»

(кілттің бір бөлігі шығу)

2- ші аялдама: Әуе көлігімен ұшып  бару.   «Не артық?»

(кілттің екінші бөлігі шығу)

              Жұмбақ жасыру:

а/.Өзіндік  сәні бар

Аумайды гүлдерден.

Қанаты, жаны бар,

Айтпаймын білгенмен.

Қусам да не керек,

Жетпедім. Ол не?    /көбелек/

б/.Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де, өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.        /өрмекші/

в/.Ағашқа қарай өрмелеп,

Жейтін дәмі жапырақ.

Бұл не?                         /құрт/

г/.Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім?      /құмырсқа/

- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

       Сергіту сәті: мультимедиялық тақтамен  «Көңілді шырша»

3- ші аялдама: Су көлігімен жүзіп бару. (кілттің үшінші бөлігі шығу)

Жаңылтпаш.

Әтеш әнге салады,

Әтеш ұйқы ашады

Слайдпен жұмыс:  «Жыл құстары»

4 ші аялдама: Жер көлігі автобуспен мініп бару. (кілттің төртінші  бөлігі шығу)

«Ағаштардың жемісін тап»

5-ші аялдама: Балабақшаға машинамен қайтып келу.

«Суретті салып боя»

(кілттің бесінші  бөлігі шығу)

Кілтті құрастырып шығару. Буратиноға сыйлау.

Буратино: Рахмет сендерге.Сауболыңдар балалар!

Өз –өздеін бағалау.  «Көңілді , өте көңілді бет перде».

Балалар шеңберге тұрады қол ұстасып.

Қолұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Күтілетін  нәтиже:

Білу  керек: Өткен жануарларды, құстарды, жәндіктерді, сандарды, ағаштардың түрлерін және қарандашпен бояуды.

Болу  керек: Оқу қызметіне  ынтасы,қызығушылығы

Үйрену  керек: Тапсырмаларды толық орындауды және өз ойларын толық жеткізуді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жұматаева А.А.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 258 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым