Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Біз бақытты баламыз, лагерьде демаламыз!

Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім
1 мин оқу 360 оқылым


Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы мақсат – міндеттерді басшылыққа ала отырып, Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі жанынан құрылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті ІІ – ауысымы жұмыс жасауда. «Балдәурен» лагерінің ІІ – ауысымы өз жұмысын шілде айының 1-ші күнінен  бастады. Ашылу салтанаты балаларға жақсы көңіл – күй мен жақсы демалыс сыйлай алды. Бұл іс – шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салды, түрлі интеллектуальды сұрақтарға жауап іздеп, қимыл – қозғалыс ойындарын ойнады. «Бала тілі – бал» - демекші қатысушылар сүйікті лагерлеріне арнап өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіруді де ұмытпады. Әр баланың  жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында спорттық жарыстар, жолдастық кездесулер, жорықтар, көңілді кештер жоспарланып, өткізілуде.

Демалысты ұйымдастыру барысында ұстаз – тәрбиешілер балалардың жас ерекшелігін, психологиялық ерекшелігін, денсаулығын, ұлттық ерекшелігін, қабілет – мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп отырып, әр балаға ерекше ықылас бөліп, әр баланың сабақ барысында ашылмаған жаңа қырынан танылуына, мұғаліммен сырласып, оқушылармен дос болуға қажетті барлық жағдайды жасайды.
ІІ – ауысым барысында өткізілетін іс – шаралар балаларға өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруді, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруді, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуды, туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруді, ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгертуге өз үлестерін қосады.

Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлау үшін жұмыс жасап жатқан «Балдәурен»  жазғы демалыс лагерінің  демалушылары  бос уақыттарын мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп кетіп қана қоймай, белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 312 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым