Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі

Bilimger Media
1 мин оқу 4 729 оқылым

Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.

Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, бейне сенің сәби кезіңдегідей асты киімге төгіп алуым мүмкін, сол кезде сен сабырлы бол.

Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құтты сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып серуендетіп тұрсаң.

Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді ұмытып қаламын. Маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де сенікі жөн деп, көбірек сабыр сақтағайсың!

Мен қартайғанда көпсөзді болып кетуім мүмкін, ол кезде екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып отыра берсең болады.

Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей сенің де құлақ етіңді жеп, тәрбие айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да «Жарайды!» деп басыңды изей салсаң болады.

Балам, мен о дүниеге аттанғаннан кейін, мәңгілік көзімді аша алмайтын болғанда егер Алла қалап жатса ол жақта да сенің бақытың мен отбасың үшін дұға жасайтын боламын!

Muftyat.kz

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ғибратты әңгімелер

Ақсақалдың даналығы

Ақсақал жас жігітке үлкен және ұсақ тастар мен құм арқылы өмірдегі маңызды құндылықтарды түсіндіреді. Әңгіме отбасы, денсаулық, достық пен уақытты бағалауға үндейді.

Меделбай Қарақат 2 мин 103 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Құндылықтар қалай құлдырайды?

Ата немересіне шынайы құндылықтың мәнін, қайырымдылық пен адамдықтың маңызын және халыққа қызмет етудің адамды кемелдендіретінін түсіндіреді.

Айман 2 мин 1 267 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Өлі теңіз қалай өлген?

Бала Өлі теңіздің атауына таңданып, әкесінен оның қалай өлгенін сұрайды. Әңгіме өзімшілдік пен сараңдықтың салдары туралы ой салады.

Bilimger Media 1 мин 2 968 оқылым