Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 104 оқылым

Тақырыбы: «Білімділер додасы»

Мақсаты: Оқушылардың математика, жаратылыстану, орыс тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.

Барысы: («Білімділер додасы» сайысына 5 «а», 5 «ә» және 5 «б» 5 «в» сынып оқушылары жеке- жеке қатысады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты білімге қызығушылар

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, әділ – қазылармен таныс болайық. (Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Жүргізуші: Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – дей келе бүгінгі өткізілетін «Білімділер додасы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе, 5 сынып оқушыларынан құралған дарынды оқушыларымызды қарсы алайық.

(өздерін таныстыру)

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз  ІІІ турдан тұрады.

І тур: «Кім жылдам» математикалық есептер.

ІІ тур: «Ойлан тап»

ІІІ тур: «Сиқырлы шаршы»

Олай болса, сайысымызды бастайық.

Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз математикалық сұрақтарға береміз.

Жүргізуші: «Кім жылдам». Оқушыларға бірдей 3 есеп беріледі, әр есепке 10 ұпайдан иеленіп отырады. Ең бірінші болып бірінші аяқтаған үштікке 5 ұпай жеңілдік беріледі, егер үш есепте дұрыс болып бірінші болып аяқтаса сізде жалпы балл 35 ұпай болуы керек.

Жүргізуші: Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Орыс тілі, жаратылыстану— Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып — келесі кезең «Ойлан тап» сайысы. Оқушылар өздеріне берілген пәндік сұрақтарға тез тез жауап беріп, әр сұраққа 5 ұпайдан иеленеді.

ІІІ тур: «Шығармашылық тапсырма»

Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды.

Жүргізуші: Ендеше осымен біздің «Білімділер додасы» сайысымыз аяқталды келесі кездескенше сау болыныздар.

Авторы
Аманкелді Гүлжаухар Исатайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Физика

ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ДАМЫТУ

физика пәні мұғалімі, педагог - модератор №19 жалпы орта білім беретін мектебі Орал қаласы ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ДАМЫТУ Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,…

Аманкелді Гүлжаухар Исатайқызы 3 мин 34 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

Қолжетімді және таза энергия — сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізу

Мақалада ТДМ 7 міндеттері, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі және жаңартылатын энергияның экологиялық әрі экономикалық тиімділігі қарастырылады.

Сейдазимова Аяжан Бахытжанқызы 7 мин 10 оқылым
Физика

7-9 сыныптарда физиканы оқыту үдерісін ЖИ көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары

Мақалада 7-9 сыныптарда физиканы жасанды интеллект көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары қарастырылады. ChatGPT, Gemini, Foxar және Curipod платформаларын қолдану әдістері ұсынылған.

Айдана Мопық 10 мин 26 оқылым
Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Мақалада жасанды интеллект көмегімен физика есептерін қадамдап шығару және оқушылардың білім деңгейіне сай дифференциалды тапсырмалар құрастыру жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 2 мин 232 оқылым
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 12 мин 241 оқылым