Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білімді ел – мәңгі ел!

Қожанова Жансая
2 мин оқу 1 073 оқылым

Қожанова Жансая

Ұйымдастырылған оқу қызмет мақсаты: Балаларға 1 – қыркүйек күні – білім күні екені жайында түсінік беру.

Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікпен

қарауға тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге

үйрету.

Көрнекі -құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, мектеп, балабақша,

ұстаздардың,балалардың суреттері.

Әдіс – тәсілдері:  Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Балалар бүгін бізде ерекше күн,бүгінгі оқу қызметіміз білім күніне,бірінші қыркүйек күніне арналған.

Бірінші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқада білім беру мекемелерде оқу қызметіміз басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептер мен балабақшаларда басқада білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылады. Осы алғашқы қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар жақсы, білімді азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, тәрбие алу керексіздер. Балалар біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? Кәне бәріміз бірге айтайықшы. Әнұран, елтаңба, ту.

- Балалар айтыңдаршы біз қай Республикада тұрамыз?

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақстан Республикасының  елбасы кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Қазақстан Республикасының елордасы Астана.

- Біз қай қалада туылып, өмір сүріп жатырмыз?

- Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында, Қызылсай ауылы.

- Біздің  балабақшамыздың, тобымыздың аты қалай аталады?

- «Айналайын» балабақшасы, «Балапан» тобы.

Өте жақсы балалар, жарайсыздар, шаршадықпа, шаршасақ сергіту жаттығуын жасап бір серігіп алайық.

Сергіту жаттығуы: Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу  оңай-ақ.

Жарайсыздар балалар, сендер өздеріңіздің Қазақстан Республикасы, рәміздері жайында, елорда жайында барлығын білдіңіздер. Ендеше балалар білім, мектеп, балабақша жайында мақал – мәтелдер, тақпақтар жаттайық.

Балабақша байтағым,

Күліп – ойнап қайтамын.

Тәрбиеші апайлар,

Досы барлық баланың.

Бақшасында балалар,

Іні, әпке, аға бар.

Ойыншықтар мол онда,

Машина, арба, шана бар.

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы

Мектеп кеме, білім теңіз

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Балалармен сурет бойынша әңгімелесу.

Ойын: «Не артық?».

Мақсаты: Балалардың ой – өрісін, оқуға деген ынтасын дамыту, баулу.

Қорытынды: Балалар міне енді осы күннен бастап біздің күнделікті оқу қызметіміз, қызықты нәрселер үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңне тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатысқандарың үшін көп-көп рахмет. Балалар осымен бүгінгі1 – қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз аяқталды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қожанова Жансая

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 259 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым