Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білім мен тәрбиені ұштастырудың тиімділігі

Автор

Дана Талгаткызы Рахимкулова
2 мин оқу 50 оқылым

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың
тұңғиығымен астасып жатыр. Сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден
қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп б ілеміз. Педагогика ғылымы
алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі таңда
білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу-тәрбие ісіне ұлттық сипат
беруге, оныбүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім
беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрету үшін
жағдайлар жасау – негізгі міндеттердің бірі», – делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер
болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің,
бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы
аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезіне н бастап ғылымның әр саласынан мол
мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің
сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие – қазір жаңарып, жаңғырып, бізге
толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Онда халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті
көрініс тапқан. Білімалушыларды оқу мен тәрбиелеудің ортасы мектеп екені белгілі.
Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,
ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда
ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс
ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиім ділігі
сынып жетекшісі мен оқушылардың өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа
адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені,
отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып
отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден
сақтау міндетінің өзі жас тарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта
тәрбиелеуді жүктейді. Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан
кешірді, бүгінге қол жеткені не нің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап
шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгішт ік сезімнің
нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Ұлттық сезім – өзінің ұлттық
өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспе ншілік, жанашырлық, халық
мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең
сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл
мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадірқасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы
отбасынан бастау алады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани
байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді,
дінімізді, салт дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз
үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дана Талгаткызы Рахимкулова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Құқық

Қазақстандағы неке келісімшартының ерекшеліктері

Ғылыми мақалада Қазақстандағы неке келісімшартының құқықтық табиғаты, жасалу тәртібі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ оны өзгерту және бұзу ерекшеліктері талданады.

Дузелбай Айжан 20 оқылым 6 мин
Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Мен таңдаған мамандық

Автор құқық қорғау саласын таңдауының себебін түсіндіріп, прокурордың міндеттері, қажетті қасиеттері және болашақ кәсіби мақсаты туралы баяндайды.

Нұргүл Петр 34 оқылым 5 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин