Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар түсіндірілді

Bilimger Media
1 мин оқу 53 оқылым

Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар түсіндірілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшыларының, аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бақылау іс-шараларын ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау бойынша жан-жақты түсініктемелер алды.
Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы шеңберінде педагогтердің кәсіби қызметіне байланысты бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, педагогтерді кәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптылыққа алып келеді.

«Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз», - деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған кезде аумақтық департаменттерге немесе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша дереу хабарлау ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, білім беруге бөлінген қаражатты жымқырудың жолын кесу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Жол картасын» іске асыруда.

Нәтижесінде мемлекет қазынасына тиісінше жұмсалмаған 15 миллиард теңге қайтарылды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 440 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым