Мазмұнға өту

Білім беру сапасын арттырудың инновациялық тәсілдері

Нургазина Айжан Сеитовна 2 мин оқу 111 оқылым

Нургазина Айжан Сеитовна
Астана қаласы «№97 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі


Оқыту – жүйелі білім алудың маңызды және сенімді тәсілі. Ол көбінесе мұғалімнің басқаруымен іске асырылады. Мұғалімнің оқытудағы бағыттаушылық рөлінің арқасында оқушылар білім, білік, дағдыны меңгеріп, шығармашылық және ойлау қабілеті дамиды. Мұғалім оқыту қызметін басқару кезінде белгілі бір мақсатқа ұмтылып, міндеттерді орындайды. Сол мақсатқа жетудің тиімді жолдарын іздейді. Мұндай жолдың бірі – оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану.

Заманауи білім саласын инновациялық тәсілдерсіз елестету мүмкін емес. Жалпы «инновация» – жаңа нәрсені жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты ұғым. Инновациялық әдістерді қолданудың маңызы былай түсіндіріледі:

  • Инновация өзекті мәселенің жаңа шешімін табуға көмектеседі;
  • Инновацияны пайдалану оқушылардың тұлғалық даму деңгейін арттырады;
  • Инновацияны енгізу мектептің тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру, дамыту сияқты оқытудан басқа да қызметтерінің сапасын арттырады.

Бүгінгідей ақпарат қалай жылдам таралса, солай жылдам ескіріп, жаңарып отыратын кезеңде оқытудың дәстүрлі әдістері көбіне сын көтермей жатады. Себебі оқушылар білім алу барысында қарқынды ақпарат алаңында өздеріне керекті мәліметті тез тауып, жылдам шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруы керек. Осыдан барып түсіндіру, баяндау тәсілінен гөрі көрсету, әрекет ету тәсілі белсенді нәтиже беретіні байқалады. Ал мұндай инновациялық әдістер модульді оқыту, электронды-интерактивті оқыту, мәселелі оқыту, қашықтықтан оқыту, зерттеу-әдістемелік оқыту, жобалау әдісі сияқты әдістерден тұрады.  Және инновациялық технологиялардың мақсаты – адамды үнемі өзгеріп тұратын қоғамда өмір сүруге дайындау болса, оқытудағы инновациялық әдістердің мақсаты – жеке тұлғаның сапалық дамуы үшін оқытудың сапасын арттыру. Өз әрекетін ынталандыру алуға, алған ақпаратты өз бетінше талдай, саралай білуге, креативті ойлауға, өзінің табиғи қабілеттерін барынша ашуға, жан-жақты дамуға білім беруде қолданылған инновациялық әдістердің арқасында қол жеткізуге болады.

Мақсат, міндеттерді жүзеге асыру жолында күнделікті сабақ жоспарымда мынандай инновациялық тәсілдерді қолданудамын:

Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері- бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға, өзіндік жұмыс жасауға, білік дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулиды.

Оқушы мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асырады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалады, жасаған еңбегінің нәтижесімен бөліседі, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы әдіс-тәсілдері -мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игерудегі мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.Оқушының ойлау қабілетін арттыру, сыни тұрғыдан талдауға бейімдеу, іскерлік дағдысын қалыптастыру.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, оқуға қызығушылығын арттыру, шешім қабылдай білуге бейімдеу.

Оқытуда инновациялық әдістерді пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімді меңгеруіне көмектессе, екіншіден, балалардың пән бойынша сабаққа қызығушылықтарын арттырады, ақырында, білім сапасын арттырады. Бастысы сабақ барысында қолданылатын инновациялық әдістер сол сабақтың тақырыбына сай болуы шарт. Сонда мұндай әдістер білім, білік пен дағдыны қалыптастыруға толық ықпал етеді. Басқаша айтқанда, мұғалім сабағына асқан дайындықпен барып, оқыту үдерісінде инновациялық әдістерді тиімді қолданса, білім сапасын жақсарту жолында жақсы нәтижеге жетері анық.

Соңғы жаңарту: 15 желтоқсан 2025, 07:53

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Нургазина Айжан Сеитовна

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік құралдар

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 2026–2027 оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, білім беру және тәрбие…

Bilimger Media 1 233 оқылым 9 мин
Әдістемелік құралдар

Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз конференциясы – педагогтер қауымы үшін өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, алдағы кезеңнің басты міндеттері мен басымдықтарын айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы…

Bilimger Media 1 339 оқылым 11 мин
Әдістемелік құралдар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: балабақша, мектеп және колледжге арналған ұлттық құндылықтар жүйесі. Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ. Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат»…

Bilimger Media 795 оқылым 2 мин
Әдістемелік құралдар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. №348 бұйрыққа өзгерістер

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы…

Bilimger Media 290 оқылым 31 мин