Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Bilimger Media
2 мин оқу 39 оқылым

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

2023 жылдың 24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады.

«Осы жылы республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі», - деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

24 тамызда өңірлерде келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – Қызылорда облысы;
• Ауыл мектебін дамыту – Актөбе облысы;
• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;
• Инклюзивтік және арнайы білім – Қостанай облысы;
• Педагог мамандарды дамыту – Солтүстік Қазақстан облысы;
• Дарынды балалар - ұлт зиялылары –Ұлытау облысы;
• Инновациялық білім технологиялары – Алматы облысы;
• Балалардың демалуы мен сауығуы – Акмола облысы;
• Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру – Астана қаласы;
• Балалар үшін тең мүмкіндіктер – Қарағанды облысы;
• Мектепте дұрыс тамақтану - ұлт саулығының кепілі – Алматы қаласы;
• Қосымша білім беру – Шығыс Қазақстан облысы;
• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;
• Балалар үшін - қауіпсіз орта – Атырау облысы;
• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;
• Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;
• Білім саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;
• Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;
• Білім саласындағы басқару негіздері – Батыс Қазақстан облысы;
• Білім саласындағы цифрлық шешімдер – Шымкент қаласы.

25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Форумның пленарлық отырыстары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 444 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым