Бейімбет Майлин – нар қасиеттерге ие, табиғи, толағай талант. Мұхтар Әуезовпен қатар тұрған ұлы құбылыс, жұмбақ та жайсаң суреткер. Мәселен, қарымды қаламгер шығармаларындағы табиғат суреттерініне мән беріп қарасаңыз, онда көбіне-көп табиғат көрінісін ғана бедерлемей, басқа да мән-мағына тұспал-астар алып, көркемдік қуатты күшейтіп жіберетін сәттері жиі. Бірнеше мысал келтірсек, «Шұғаның белгісі» бастауындағы табиғат көрінісі қыркүйек айының жеткендігін хабарласа, «Сексен сомның» бастауындағы табиғат көрінісі Егеубай үйінің басына түскелі тұрған нәубеттің «шүйіншісіндей». Ал, «Аштық құрбаны» әңгімесі: «Боран. Қар бораны. Қар бораны емес-ау, қан бораны!... Желі ұйытқып соққанда, тұншықтықтырып дем алғызбайды, қары майда жабысқақ емес, тікенектей қатты», - деп басталса, оның тікелей тағдыр-қыс, аштық боран екені белгілі. Керісінше, «Күлпашта» әңгіме басындағы суық ызғырық әңгіме аяғында ерте көктемдегі, наурыздағы кенет түскен шуаққа ұласады: «Жетіге созылған боран бүгін ғана ашылып, жылы шуақ күннің көзі ықтасындағы қардың бетін жылтыратып, терлетіп жатыр. Жерде де бұрынғыдай ызғар жоқ».
Қорыта келе, жазушының қайсыбір шығармасын алып қарасақ та, олар – мазмұны жағынан аса маңызды, әрі қажетті ғана емес, тұтасымен жаңалық, әрі көркем жаңалық. Ал, өз кезегінде тың болған шығарма қашан да жақсылығынан, қайталанбас жаңалығынан жаңылыспайды. Сондықтан да Бейімбет Майлиннің шығармалары бүгінгі күні қоғамға аса қажет.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Myrzagaliev Asyl
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.