Тұманбай Молдағалиев "Бауырлар" өлеңінде бүгінгі күндегі ең өзекті мәселелердің бірін қозғап жазады.Атажұрт тақырыбын осы шығармасына арқау етіп,тағдырдың жазғанына көніп,өз елінен кетіп,дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен барша қазақты туған елге қайта оралуға үндейді.Осылайша,текті жұртының әр баласын атамекенге шақырып,өз ұлтының тұтастығын насихаттайды.
Ақын мына бір үзінді арқылы Қытай,Моңғолия,Иран,Түркия секілді елдерде мекен етіп жатқан қандастарын атажұртқа былай шақырады:
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп, – деп қазақ даласы мен жұрты ешқашан өз баласының бетінен қақпайтындығын сөзімен дәлелдейді.
Бүгінгі таңда бұрынғы тауқымет заманында көшіп кеткендерден бөлек жұмыс бабымен,оқумен өзге елді өздеріне арқау еткендердің саны қаншама."Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген сөздің осы жерде айтылуы қажеттілік деп санаймын.Сол себепті,ақын осы тақырыптарды көтере отырып,бәріміз бірлесіп,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын кез туғандығын айтады.Сонда ғана біздің еліміздің тұғыры берік әрі халқымыздың бірлігі нығая түседі.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/bauyrlar-bugingi-ozekti-taqyryp
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.