Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
2 мин оқу 1 183 оқылым

Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз
Әлияны бүгін біз сағынамыз
Дастанындай керемет мәңгіліктің,
Иесіне ерліктің табынамыз
Әлия деп ағады бал бұлақта
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта.
Көтеріліп күн көзі Әлия деп,
Әлия деп ай туады біздің жақта
Батырлықтың үлгісін бастады да
Жарқырады Шолпандай аспаныма.
Жалғасытыр деп ұрпаққа ерлігімді
Өзі өтті өмірден қасқағымда

-Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова  (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген.

-Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді.

-Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Санкт-Петербургтегі №9 орта мектепте білім алады.

-Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған.

-Вятское орта мектебінен  7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

-18 жасында соғысқа аттанған.1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

- Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

-Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

-Ендеше біздің балалардың Алия апаларына арнаған тақпақтары бар екен:

Тақпақтар:

МАЛИКА:

Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.

АҚЕРКЕ:

Алия апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Алия  апайға
Өсіп келе жатырмыз!

ФАРИЗА:

Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

ЕРЖАН:

Әлия –ер қызы елімнің

Әлия –гүл қызы жерімнің

Әлия –аты әнге айналған

Әлия - жұлдыз көкте жайнаған.

ИНАЯТ:

Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.

АСЫЛЖАН:

Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.

АЙЫМ:

Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Алия  әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан.
Алия  әпке күні-түні,
Жауға оқты боратқан.

ДІНИСЛАМ:

Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме Алия деген,
Қазақтың жас батыр қызы.

Қорытынды:

- Қаһарман қазақ қызы Алия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі),Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған.

- Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында және туған ауылында ескерткіштер орнатылған.

-Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Жеңіспен үміті оның ақталады,

Ел-жұрты батыр қыз деп мақтанады.

Әлияның  өзі өмірден өткенменен,

Есімі мәңгі бақи сақталады.

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:20

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 36 оқылым