Бізге тартқан басыңыз,
Дәмді екен асыңыз.
Ұрпақты боп өзгеше,
Сыйлы болсын басыңыз.
Құйған қызыл шәйіңіз,
Балдай тәтті майыңыз,
Еселі боп еңбегің,
Жылдан жылға байыңыз.
Ас батасы
- Асың, асың, асыңа…
- Мыңға жетсін қойыңыз!
- Ұзақ етсін жасыңды…
- Жүзге жетсін түйеңіз…
- Таңда мақшар күніңде…
- Қозыға толсын көгенің…
- Бақ келіп қонсын басыңа…
- Құдай қуат берсін…
- Басымыз аман болсын…