Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа.
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болып,
Ас қосылсын асыңа.
Бас қосылсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарханың мол болсын.
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын.
Армандарың алдыңнан,
Саған шығып қол берсін.
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!
Ас батасы
- Дастарханыңа береке берсін…
- Рахмет дәміңе…
- Дастарханыңнан дәм кетпесін…
- Құдай берсін…
- Ардақты үй иесі…
- Сұрасаң бата берейін…
- Мыңға жетсін қойыңыз!
- Ұзақ етсін жасыңды…
- Жүзге жетсін түйеңіз…
- Таңда мақшар күніңде…
- Қозыға толсын көгенің…
- Бізге тартқан басыңыз…