Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың әдістері

Курмашева Нургуль Кайратовна
2 мин оқу 340 оқылым

Кілт сөздер: ерте жастан оқыту, заманауи ақпараттық технологиялар, қарым-қатынас, ойындар, жаңа әдіс-тәсілдер
Қазіргі шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты бүгінгі заманғы психологтар мен педагогтардың іс-әрекетті орындау сапасы мен оның нәтижелілігінің көрінісі.
(И. А. Зимняя)
Неліктен ағылшын тілін ерте жастан үйрену керек? деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі бастауыш сыныптағы оқушылардың қабылдау және есте сақтау қасиеттері,ыңталары жоғары болып келеді. Олар ағылшын тілінде оқығысы және түсінгісі, сөйлегісі келіп тұрады.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде коммуникативтік қарым-қатынас жасай алу негіздерін дамытады.Сондай-ақ,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден бірнеше тілде сөйлеу қабілетіне жол ашады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың жетекші оқу әрекеті арқылы теориялық ойлау және әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жас кезеңінің соңына қарай шындыққа теориялық, когнитивтік қатынас танытатын, танымдық міндеттерді шешетін, ең болмағанда белгіліден белгісізді ажырата алатын жеке оқу әрекеті қалыптасуы тиіс.
Алдымен оқушының ағылшын тіліне сүйіспеншілігін ояту үшін жақсы әрі қызықты оқулық болу қажет. Қазіргі таңда оқулықтар өте көп, мысалға Eyes Open, Макмилан және Кембридж баспасынан шыққан оқулықтар қолданылуда. Оқулықтарда тек мәтін, әңгімелер болып қана қоймай, суреттер,ойындар, дискілер болуы дұрысырақ. Ең басты назар алдымен ауызша оқуға аударылуы жөн, бірақ кейіннен тек оқушылардың жазу және оқу дағдыларын қалыптастырып шектеліп қалмай, сонымен бірге осы жастарғы балаларда түсіну,тыңдау,саралау қабілеттері көру арқылы жүзеге асады. Ал, оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру барысында диалог,монолог т.с.с.,әндер және рөлдік ойындар секілді іс-әрекеттер жатады. Мысалы, жаңа тақырыптарды меңгеру барысында көптеген сөздерді карточкалар,суреттер,ребус,жұмбақтар арқылы үйретуге болады.
Мұғалімнің заманауи технологияларды пайдалана алуы өте маңызды. Атап айтсақ, сабақта интерактивті тақтаны қолдану, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады (басты назар ашық түсте және дизайнда болуы керек). Видео-сабақтар арқылы баланың тыңдап-түсіну қабілеті жетіледі.
Қазіргі таңда көптеген әдіс-тәсілдерді педагогтар меңгеруде. Соның ішінде сабақты қорытындылауға арналған рефлексиялық ойындар (көңіл күй арқылы,«Бағдаршам», «Алма ағашы» және т.б.), Венн диаграмасы, ББҮ(білемін,білгім келеді,үйрендім), ассоциация құру жатқыза аламыз.
Қорытындылай келе баланы бастауыш сыныптан,яғни 1 класстан оқыту өте тиімді әдіс болып саналады, осы жастан баланың ағылшын тіліне қызығушылығы оянатын болса, алдағы уақытта жетік меңгеруге сан қилы мүмкіншіліктер табылады. Кеңес Одағының педагогы А.В.Сухомлинский айтып кеткен болатын «шығармашылықсыз,ойынсыз,әнсіз және жаттығусыз сабақ толық мәндегі сабақ болып саналмайды» деген екен. Сондықтан педагог әр сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі шарт.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Курмашева Нургуль Кайратовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ағылшын тілі

Коммуникативтік тіл оқытудың ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренушілердің сөйлеу сенімділігіне ықпалы

Мақалада коммуникативтік тіл оқытудың университет студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу сенімділігіне ықпалы қарастырылады. CLT тәсілдері, тілдік мазасыздық пен қарым-қатынасқа түсуге дайындықтың рөлі, сондай-ақ Қазақстандағы оқыту тәжірибесіндегі қиындықтар талданады.

Әселай Шырынбек 21 мин
Ағылшын тілі

Колледж мұғалімдері үшін Ағаш ұстасы мамандығында ағылшын тілін оқытудағы жаңашыл арналар: «My Useful Tools» тақырыбы мысалында

Мақалада «Ағаш ұстасы» мамандығында ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылады. «My Useful Tools» тақырыбында CLIL, кәсіби сөздік, сандық платформалар мен рөлдік ойындарды қолдану жолдары сипатталған.

Мирдиёр Миржамалов 3 мин
Ағылшын тілі

Балаға ағылшын тілін үйрету: қымбат репетиторсыз тиімді оқу жолы

Балаға ағылшын тілін үйрету: қымбат репетиторсыз да нәтиже шығаруға бола ма? Қазіргі ата-аналардың көбі баласының ағылшын тілін ерте жастан үйренгенін қалайды. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі ағылшын тілі — сапалы…

Bilimger Media 6 мин 101 оқылым
Ағылшын тілі

English Plus Holidays тақырыбы бойынша БЖБ

Бұл материалда English Plus пәнінен “Holidays” тақырыбы бойынша дайын БЖБ ұсынылады. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқушылардың оқу, сөздік қор және грамматикалық дағдыларын тексеруге арналған. БЖБ 5–6 сынып оқушыларына…

Bilimger Media 2 мин 43 оқылым