Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бастауыш сынып оқушыларының функциональдық сауаттылығын арттыру

Bilimger Media
4 мин оқу 601 оқылым

Мизамхан Алтынгүл

Білімнің іргетасы бастауыш сыныптан  қаланады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі заман талабына сай функиональдық сауаттылығын арттыру ұстаз алдындағы парыз. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында бүгінгі мектеп оқушыларға білім берумен қатар білімді өз бетінше ала алу, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын алу әрекеттерін де меңгертуі тиіс. Бұл – функционалдық сауаттылық мектеп қабырғасында қалыптастыру ісі болып саналады. Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындаатап айтылған. Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Сонымен қатар білім алу құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.  Оның негізгі мақсаты – оқу­шылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.  Оқушылардың функциональдық сауаттылықты арттыруда:

-Оқушылар мен ата аналардың оқуға қатынасын диагностикалау, мектеп тарапынан оқу үрдісінде қажетті құралдармен мүмкіндігінше қанымдау, ғылыми зерттеушілік жұмыстарына басшылық ету

— Білім беру жолындағы көштен қалмай үнемі білім мазмұнын заман талабына сай жаңартып отыру, мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу, мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша жүйелілігін, коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

—  Функционалдық сауаттылықты  көтеру  үшін оқу әдістемелік тұрғыдан  қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )

-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін үнемі назарда ұстап, тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу.)

— Мектептегі  қосымша білім беру жүйесі, материалдық –техникалық базаның болуы (мектепті заман талабына сай жабдықтармен қанымдау)

Ұлттық жоспардағы  функционалдық сауаттылықты дамытудың  негізгі бағыттарын жүзеге асыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады:

  • 1-бағытоқы­ту методологиясы мен маз­мұ­нын түбегейлі жаңарту
  • 2-бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту
  • 3-бағыт балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ата аналардың қосар үлесі
  • 4-бағыт қосымша білім беру жүйесін дамыту

Бірінші бағыт– оқы­ту методологиясы мен маз­мұ­нын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

Бағдарламада бел­гі­лен­ген,  жеке тұлғаға бағытталған оқы­туды қамтамасыз ете­тін жаңа форматтағы оқу­лықтар­­ды әзірлеу қажет.

Екінші бағыт  оқу нә­ти­же­ле­рін бағалау жүйесін жа­ңар­ту. Яғни, функционалдық сауат­тылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бо­йынша оқу жетістіктерін ба­ға­­лаудың жаңа тәсілдерін бір­тін­деп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отыр­ған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бо­ла­тыны нақты анықталмаған.  Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингтеу мен кешенді ба­ға­лау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Функциональдық сауат­ты­лықты дамытудың үшінші  бағыты  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың бел­сенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған семинарлар және тренингтер, сауалнамалар алу. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, ата аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша   апталықтар өткізу

.Төртінші бағыт – қосым­ша білім беру жүйесін да­мы­ту. Ұлттық жоспарда оқушы­лар сарайы, музыка мектеп­­тері, жас техниктер мен на­туралис­тер  жұмыс­­­та­рын түбегейлі өзгер­­ту қа­рас­­­тырылған. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.

Осылардың бәрі –  тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  Оқушылардың бойын­да шығармашылық жә­не ин­новациялық қыз­мет­ке деген  қажеттілікті қа­лып­тастыруға ықпал етеді.

Жалпы  айтқандаҰлттық  жос­­пар­дыіскеасыруоқушы­­лардыңбойындафун­к­цио­нал­­­дықсауаттылықтықалып­­­тастырудықамтамасызете­ді. Бұл – шығармашылық пен ин­новацияғадегенқы­зы­ғу­шы­лықтыарттырады. Елі­міз­діңПрезидентіН.Назар­баеверекшекөңілбөліпотыр­ған  білім мен еңбекқызметінмеңгеругежаңамотивациянытудырады.   Адам табиғаттыңтуындысы, олтуындыныңжекетұлғаретіндеқалыптасуысанасына, қоршағанортадағытіршілікпенқатынаста бола  отырып, оны танибілуіне, дүниетанымыныңдамуынабайланыстыөрбиді.

Оқу  тәрбие үрдісінде оқушылардың функиональдық сауаттылығын арттыруға өзіндік пайдасы бар жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясы жайлы да айта кеткім келеді.    Заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу, оқыту бұл бүгінгі ұстаздың алдындағы мақсатты міндеттерінің бірі деп айтсақ артық болмас. Ақпаратты технологияның дамыған уақытында шәкіртке сапалы білім беру үшін күнделікті іздену ұстаз біліктілігін арттыра түседі. Ұстаз әр сабағын тиімді де әсерлі, тартымды өткізу үшін сабақта жаңашыл технологияларды пайдалана білуінің де маңызы бар.  Жаңашыл технологиялар білім үрдісінің тиімді де сапалы болуына қосар үлесі мол. Технологияның тиімді жағы оқушымен жеке дара жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылығына, икемділігіне қарай топтарға бөліп оқыту,  оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың нақтылануы және ынтымақтастықтың қалыптасуы. Оқыту үрдісінде  оқушының білім деңгейі мен тұлғалық тәжірибесінің есепке алынуы, адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту, оқушының өз  бетінше ізденуі. Кез -келген пәндік әдістеменің негізгі идеясы әр оқушының бойындағы жеке тұлғалық рухани құндылық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Бұл технологияны қолдану барысында әр оқушы үшін алдын ала оқшауланған орта құрылмайды, керісінше бала өзінің мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік алады.  Тиімді тәсілді сабақта қолдана білу, түсінікті  даралау мен саралаудың  формалары оқушының таңдаған танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақта оқушының білім деңгейін жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ынталандырып, әр баланың бойындағы рухани  құндылықтарды дамытады. Оқушы оқу -тәрбие үрдісінде өзіне қажеттісін таңдай алады. Оқушы өзін -өзі тануға, өз бойындағы ерекшеліктерін игере отырып, қоғамда өз орнын табуға оңай икемделеді. Алған білімдерінің өмірде қажеттілігін  түсініп, болашақта оның игілігін көреді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 145 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым