Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бақ-бақ гүлі

Гулшат
3 мин оқу 478 оқылым

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі» (киндердің қорабымен мақта таяқшалардан)

Мақсаты: Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау .

Міндеттері:

  1. Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасауға үйрету.
  2. Саусақ қимыл – қозғалыстарын, көз мөлшерін дамыту.
  3. Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Қостілділік  компонент (сөздік жұмыс): бақ-бақ –одуванчик, сары-желтый, мақта таяқша- ватные палочки, көгал-лужайка, ақ -белый ,

Құрал-жабдықтар:  кішкене  смайликтер, әрбір балаға киндер  қораптары, мақта таяқшалары және «Сиқырлы сандық».

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
         Мотивциялық - түрткі болатын   «Сиқырлы сандық » үстел үстінде.

- Балалар  біздің топта сандық  тұр ғой.

- Кәне, сандық ішінде не бар екенін білгілерің келеді ма? Ол үшін сиқырлы сөздерді айту керек.

Сөйтіп сандық ашылады.( балаларға жұмысқа арналған тастанды заттар шығады)

Балалар мына тастанды заттарды қараңдар.

- Мен сендерді сиқырлы көгалға шапшаң жеткізейін.

( бір –бірімізді мықтап қолдан ұстаймыз , көзді қаттырақ жұмамыз)

Балалардың  қызығушылықтары артады.

-Иә білгіміз келеді.

« Сандық ,сандық ашылшы,

Ішінен шашу шашылшы!»

Балалар қуанып қалады.

Балалар мұқият қарайды.

(балалар екі шеңбер айналып тоқтайды, көздерін ашады)

Ұйымдық – іздену 1. Тақырыпты хабарлау:

( үлгімен жұмыс)

-Тамаша балалар, міне сендермен сиқырлы көгалдамыз.

- Айнала қандай тамаша, көптеген гүлдер.

– Мына гүл бақ-бақ деп аталады.

- Ол сендерге ұнады ма?

- Ол неден жасалған?

- Онда біз бүгін бақ-бақ гүлін өз қолымызбен жасап көрейік.

- Тамаша! Онда, маған назар аударып мұқият қараңдар.

Балалар риза болып қалады.

Бірге қайталап «бақ-бақ»-дейді.

(2-3 рет хормен және жекелей қайталайды)

- Иә ұнады.

- Ол киндер қорабы мен мақта таяқшасынан жасалған.

Балалар келіседі.

2. Көрсету, түсіндіру: ( үлгі жасау)

Берілген киндер қорабындағы дайын тесіктерге мақта таяқшаның бір ұшын тыға бекіту.

- Балалар мынау не?

- Қорап қандай?

- Мынау не?

- Мақта таяқшаны қалай орналастырдым?

- Міне, бақ-бақ гүл дайын болды.

Мұқият қарайды зейін қойып тыңдайды көзбен көреді.

-Кидер қорабы.

-Қорап сары, ұсақ тесіктері бар.

-Ол мақта таяқша.

-Таяқшаны қораптың тесіктеріне тығу.

Балалар қызығушылық білдіреді.

3.Сергіп дем аламыз.

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,

Бір отырып, бір тұрып ,

Жаттығуды жасайық

Бірге қайталайды.

4. Балалардың жұмысы:

( қиынсынған балаларға көмектесемін)

Балалар көргенін жасауға тырысады.
5. Қайтала, есте сақта: бақ-бақ –одуванчик; сары-желтый мақта таяқ- ватные палочки ,көгал-лужайка, ақ -белый .
6. Сабақты талдау:

- Сиқырлы сандықтан қандай заттар шықты?

- Қандай гүл жасадық?

- Біз бақ- бақ гүлді неден жасадық?

- Рахмет, балалар бүгін тамаша жұмыс жасадыңдар! Жарайсыңдар!

- Киндер қораптары, мақта таяқшалар.

- Бақ –бақ  гүл.

- Бақ-бақ гүлін киндер қорабынан  жасадық.

Балалар риза болып қуанып қалады.

Рефлекстік – түзету -«Сиқырлы сандықтан»  сыйлық сұрайық?

Ол үшін тағы да сиқырлы сөздерімізді айтайық.

Сандықтан  әр балаға смайликтер шығады оны әр балаға таратып беремін.

Балаларды мақтап мадақтап қоямын.

« Сандық ,сандық ашылшы,

Ішінен шашу шашылшы!» -деп айтады.

Сөйтіп қуанып, жақсы көңіл күйде болады.

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау

Білу :

  • Дайын тесікке бекіте білу
  • көзбен көргенін қолмен жасай білу

Істей білу керек:

  • өз бетімен жұмыс жасау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гулшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Туған жерім тұғырым

Балабақшадағы музыка сабағы туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Жоспарда ән тыңдау, ән айту, өлең жаттау және аспапта ойнау әрекеттері берілген.

Гулшат 3 мин 70 оқылым
Балабақша

Менің қанатты достарым

Балалар құстардың түрлері мен дыбыстарын танып, тақпақ айтады, ойындар мен қимылдарды орындайды. Сабақта пингвинмен танысуға арналған қызықты сәт бар.

гулшат 3 мин 241 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын  арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану

Материалда балабақшадағы білім беру сапасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мәселесі қарастырылады.

Гулшат 14 мин 290 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 348 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 98 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым