Мазмұнға өту

Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы тәрбиешінің рөлі

Жумагалиева Багдагуль Каиржановна 3 мин оқу 192 оқылым

Жумагалиева Багдагуль Каиржановна

Лауазымы: Тәрбиеші.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылы. 

N7"Айгөлек" бөбекжай-бақшасы МКҚК

Кіріспе:  Бала тұлғасының қалыптасу кезеңі – мектепке дейінгі жас, бұл баланың өміріндегі маңызды әрі шешуші кезеңдердің бірі. Осы уақытта оның алғашқы әлеуметтік дағдылары, дүниетанымы, эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері дамып, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Бала тұлғасын қалыптастырудағы негізгі рөлді тәрбиеші атқарады, себебі балабақшада бала көбіне уақытының басым бөлігін тәрбиешімен бірге өткізеді. Тәрбиешінің ықпалы мен іс-әрекеті, кәсіби біліктілігі, педагогикалық шеберлігі, оның баламен қарым-қатынасы баланың тұлғалық дамуына тікелей әсер етеді.

Негізгі бөлім:

Тәрбиеші мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы басты тұлға ретінде баланың алғашқы білім мен тәрбие алу жолында жетекші рөл атқарады. Баланың ата-анасынан кейінгі маңызды тұлға – тәрбиеші. Ол балаларға тек білім беріп қана қоймай, олардың мінез-құлқын, эмоциялық жағдайын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға да жауапты. Баланың бойында өзіндік сана, адамгершілік қасиеттерін, отбасылық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда тәрбиеші маңызды үлес қосады.

Баланың мінез-құлық қалыптастыруда тәрбиешінің рөлі үлкен, себебі балалар көбіне тәрбиешісіне қарап, оның іс-әрекетіне еліктейді. Балалар өз айналасындағылардан көргенін қабылдап, өздерінің іс-әрекеттерін соларға қарай үйлестіреді. Осыған байланысты тәрбиешінің тұлғалық қасиеттері, этикалық ұстанымдары, мінез-құлқы бала үшін маңызды үлгі бола алады. Тәрбиеші мейірімділік, жауапкершілік, шыншылдық сияқты адамгершілік құндылықтарды өз әрекеттері арқылы балаларға көрсете білуі керек.

Баланың эмоциялық дамуы да тәрбиешінің қолдауын талап етеді. Эмоционалдық интеллектті қалыптастыру – бұл баланың өз эмоцияларын тануы, бақылауы, сондай-ақ басқа адамдардың эмоцияларын түсінуі мен оларға жауап беру қабілеті. Тәрбиеші балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту үшін оларға өз сезімдерін дұрыс жеткізуге, эмоциялармен сауатты жұмыс істеуге, ашу мен ренішті жеңуге, қуаныш пен сәтсіздіктерді бөлісуге үйретеді. Тәрбиеші балаларға өз ойларын ашық айтуға, басқа адамдардың сезімдерін ескеруге үйретіп, оларға өмірде кездесетін түрлі жағдайлармен күресуге көмектеседі. Тәрбиеші баланың кез келген жағдайға оң көзқараспен қарауына ықпал етіп, өзін жақсы сезінуіне жағдай жасайды.

Баланың жеке тұлғалық дамуы оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне де байланысты. Тәрбиеші баланы қоғамда өзін ұстай білуге, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, өз пікірін еркін жеткізуге, басқа адамдардың пікірін сыйлауға және ұжымдық әрекетке қатысуға үйретеді. Балабақшадағы ойындар, іс-шаралар, түрлі тапсырмалар балалардың бір-бірімен тіл табысып, ынтымақтаса жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Әлеуметтік дағдыларды дамытудың маңыздылығы зор, себебі бұл дағдылар балалардың болашақта мектепке, үлкен ұжымға бейімделуіне септігін тигізеді. Тәрбиеші балаларды топта бірігіп жұмыс істеуге, өз міндеттерін орындауға және ұжымның мүшесі ретінде өз рөлін түсінуге үйретеді.

Әр бала – жеке тұлға, сондықтан әрбір баланың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды дамыту маңызды. Тәрбиеші балалардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, моторикасын және тілдік дағдыларын дамытуға тырысады. Балаға өз потенциалын ашуға көмектесу үшін тәрбиеші әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Шығармашылық тапсырмалар, ойындар, сурет салу, ән айту және қолөнер жұмыстары арқылы балалар өздерінің жеке қабілеттерін танып, дамыта алады.Тәрбиеші баланың шығармашылығын ынталандыру үшін олардың қызығушылығына қарай әртүрлі белсенділік ұсынады. Баланың өзіндік пікірін, ойлау қабілетін және шығармашылық көзқарасын дамытуда тәрбиеші ойын арқылы оқыту әдістерін кеңінен қолданады. Баланы адамгершілікке тәрбиелеу – оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. Тәрбиеші баланың бойында мейірімділік, әділеттілік, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруы керек. Бұл қасиеттер болашақта оның адамгершілік тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Тәрбиеші балаларға осы құндылықтарды күнделікті іс-әрекетте көрсетуге үйретеді. Тәрбиешінің баламен қарым-қатынас жасау шеберлігі де оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Тәрбиеші әрбір баланың ерекшеліктерін біліп, онымен жеке жұмыс жүргізуі қажет. Тәрбиелік үдерісте тәрбиеші шығармашылық тәсілдерді қолданып, балалардың белсенділігін арттыруы маңызды. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тәрбиеші мотивациялық әдістерді, ойын технологияларын, түрлі дидактикалық құралдарды қолданады.

Қорытынды

Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда тәрбиешінің рөлі айрықша. Ол тек балаға білім беріп қана қоймай, оның ішкі дүниесін, мінез-құлқын, эмоционалдық және әлеуметтік қабілеттерін қалыптастырады. Баланың алғашқы өмірлік дағдыларын меңгеруінде тәрбиеші – жетекші тұлға. Оның балаларға деген ықыласы, мейірімділігі, кәсіби біліктілігі мен шеберлігі бала тұлғасының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Сондықтан тәрбиеші – қоғамдағы ең маңызды және жауапты мамандық иелерінің бірі болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Бала мен балабақша» журналы №5,2014
  2. Отбасы және балабақша журналы №6,2014
  3. «Балалық шақ» С.Мәулен Алматыкітап 2011ж
  4. Интернет желісі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жумагалиева Багдагуль Каиржановна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин