Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Баланың бас ұстазы – ата – ана

Абдужалилова Райхан Уалиқызы
1 мин оқу 663 оқылым

Абдужалилова Райхан Уалиқызы

Күншығыс  халқының бір ойшылы былай деген екен. «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған  бала тәрбиелейді».  «Бала – ата-ананың бауыр еті» дегендей мына  өмірде ата ана үшін баланың алатын орны ерекше.

Жан Жақ  Руссо «Бала  туылғанда  ақ  қағаздай болып туады, оның үстіне шимақты  қалай  салсаң, қағаз бетіне  солай  түседі, бала тәрбиесі де  сол сияқты, өзің  қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Бұдан шығатын түйін: бала  тәрбиесіне  ең  әуелі  ата-анасының  еңбекқорлығы, ұстанымдылығы,  ақыл ойы, сана сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

«Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы» дейді халқымыз.  Бала  үшін  алғашқы тәрбиешісі,  бас ұстазы – ата-анасы.

Бала тәрбиесідегі ата-ананың рөлі туралы жан- жақты мәлімет беріп түсініктер  жүргізіп отыру бұл біздің  міндетіміз болып табылады.

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы  аманат.  Отбасында баланың жан дүниесін рухани  пәктікке тәрбиеленген абзал.  Отбасында  ата ананың ықыласына   бөленіп  тәрбие  көрген  бала   балабақшада  да, мектепке де  өз ісіне  де  жауап  бере  алады.

Ұлт  тәрбиесі – ұлт болашағы.  Егеменді  еліміздің ертеңгі  болашағы  - жас  ұрпақ  тәрбиесі.   Білімді, денсаулығы  мықты  азамат  өсіру  үшін  мектеп, ата ана  болып  ынтымақтасып  атсалысуымыз  қажет. Демек, бала бақытының кепілі  ата-ананың өнегелі  тәрбиесінде.  Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге  бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Баламен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз кемел болсын демекпін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абдужалилова Райхан Уалиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым