Мазмұнға өту

Баланы тәрбиелеу-бұл болашақ өмірге дайындық

Мәжит Саида Асылбекқызы 3 мин оқу 39 оқылым

Мәжит Саида Асылбекқызы

Tәртіпсіз ел болмайды тәртіпке бағынған құл болмайды.

Б.Момышұлы

Баланы тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу. "Тәрбие басы- тал бесік" деп қазақ бекер айтпаған. Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек яғни білім алу үшін тәрбиелі инабатты болу қажет. Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың бал-бұл жанған жүзі десек қателеспеспейміз. Балаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің, ата-ананың алдымен қолданатын жолы - өз тәжірибесі. Яғни, бала күнде өзі қандай тәрбие алған һәм баланы бұрын өзі қалай тәрбие қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе!“,-деп жазды ұлт қайраткері М.Жұмабаев өзінің “Педагогика” атты баламасы жоқ еңбегінде. Алып-қосатыны жоқ тұжырым.

Қазіргі таңда болашақ ел жастарымыздың тәрбиесі ақыл парасаты құлдырау үстінде. Сол себептіде алдын ала бұл істі қолға алу қажет. Адамзатқа ең алдымен тәрбие кейін білім."Білімсіз тау тасты қопара алмайсың, тәрбиесіз өз ортаңда сыйлы бола алмайсың". Ата-ана өзінен мықты тұлға тәрбиелеуге тырысады. Айталық, ата-ана баланың тізесі жыртылып, киімің кірлеп қалады дегенінің түпкі мотиві қандай еді ? Киімде емес мәселе, балаға зақым келіп қалмаса екен деген ойы еді. Ата-ана тазалықты қаласа, бала ойыншықты шашып ойнағысы келеді. Егер бұл жерде жинауын сұраса, осы сәтте бала қалауын жоятыны анық. Бес жасқа дейін жаңа дамуда жүрген баланың қалауын табу керек. Әр елдің этнопедагогикасын зерттей келе, барлығына тән тұжырым- баланы бес жасқа дейін ханыңдай көр. Ол дегеніміз- құлы бол деген сөз емес. Тең құқылы қарым-қатынас қалыптастыра білу аса маңызды. Саналы ата-ана үшін бала тәрбиесінен асқан маңызды шаруа жоқ. Яки әке де, ана да өз перзентінің ақылды, парасатты болуы үшін көп еңбектенуі қажет-ақ. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Ен далаға ие болудың өзі ұлттық санамен тәрбиеленген ұрпаққа қатысты болса керек-ті. Ата-бабаларымыз баланың бойында ар, ұят, намыс, мейірімділік, жомарттық, батырлық, обал, сауап құндылықтарын ерте бастан еккен. Ұлын намысты, қызын ұятты қылып өсіру мемлекеттік деңгейдегі мәселе болған. Өз ұрпағын бала кезінен даулы мәселелерді шешуге қатыстырып, төрелік айтуға, батырлыққа, елін, жерін қорғауға тәрбиелеп, қазіргіше айтқанда жеке тұлға компоненттеріне ерекше назар аудара білген.

Адамның тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам жарық дүние есігін ашқанда-ақ оның ата анасы оған жүруді сөйлеуді кейін тәрбиелі азамат болуына ат салысады.Ал сол тәрбиелік маңызды бойымызға сіңіру өзімізге байланысты.Кейін ол мектепке барады,мектеп оның 2-ші үйі ал мұғалімдер 2-ші ата анасы. Осылай болғандықтан ба,мұғалімдеріміз де ең бірінші бізге тәрбиенің өмірімізде үлкен рөл атқаратынын санамызға сіңіреді.

Егер болашақта осы тәрбиелік маңыздың құлдырауы болса ше? Әбден мүмкін! Себебі қазіргі таңда ұялы телефонның әсері өте жоғары.Сол себепті де бізге тәрбие мен талап қажет.Балаға тәрбие маңыздылығын үнемі үйретіп отыру бұның ең басты кедергісі бола алады.

Қорыта келе тәрбиенің ең маңызды екенін түсіндіру,жеткізу біздің міндетіміз Егеменді елдің болашағы,тірегі,елімізді дамытатын жастарымызға дұрыс бағыт беру,жақсы тәрбие беру біздің парызымыз...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мәжит Саида Асылбекқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин