Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Баланы ойната отырып,тілін дамытайық»

Кунафина Ляззат Мамырбековна
2 мин оқу 808 оқылым

Кунафина Ляззат Мамырбековна

Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «саусақ» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Бірінші кіші тобында Күннің 2 жартысында ұйымдастырылған  «Қозғалмалы ойын» ұсынып отырмын

Күннің 2 жартысы:  Қозғалмалы ойын: «Мысық пен торғайлар»

Жұмбақ:                                                                                                                                                                                            Өзі жап-жас мұрты бар,                                                                                                    Етпен сүтке ұмтылар.                                                                                                  Ұйықтамайды ол жылы үйде,                                                                                                       Түкті тоны шұп-шұбар.  (Мысық).                                                                                                                       -Балалар,мысық қалай дыбыстайды?  (Мияу,мияу)

Мысықтың келуі. Ойыншық мысық

Саусақ ойын жаттығулары:

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,                                             Аздап көзін қысып отыр.                                                 Тышқан етін жегісі кеп,                                                                                     Тісі оның қышып отыр.

Торғай                                                              Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда торғай тоңбайсың.

Қауыпсіздік ережесі:                                                                                                            Мысықпен ойнағандағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Тырнағы ұзын тырнап алуы мүмкін

Тіл  жаттығуы:                                                                                                                                            Қоректену тәсілі бойынша « тілмен жалау, тіспен кеміру» тілді жаттықтыруға арналған жаттығу : « Мысық қалай сүт ішеді?» (Тілмен жалап ішеді)

Санамақ арқылы ойынды жүргізу:                                                                                                 Бір,екі,үш                                                                                                                                Торғай ұш

Үнтаспа: торғайдың шиқылдаған даусы,мысықтың мияулаған даусы.             Қозғалмалы ойын: «Мысық пен торғайлар»

Балалар бөлме қабырғаларының қасында орындықтың үстінде тұрады, үлкен текшелерде (биіктігі 15-20) олар шатырдағы немесе ұядағы торғайлар. Алысырақ мысық отырады ,оның ролін балалардың бірі орындайды. «Торғайлар ұшыңдар» - дейді тәрбиеші. Сол кезде үнтаспадан торғайлардың шиқылдаған даусы естіледі , Торғайлар шатырдан немесе ұялардан қанаттарын, қолдарын жайып секіреді де, бөлме ішінде жан-жаққа шашылып жүреді.Ол уақытта мысық ұйықтап жатады.Сол кезде мысық оянып үнтаспадан  «мияу-мияу» -дауыс естіледіде торғайларды қуады,сол кезде олар шатырға немесе ұяға, өз орнындарына жасырыну керек. Ұсталған торғайларды мысық өз ұяларына апарады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кунафина Ляззат Мамырбековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 278 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым