Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Баланы балабақшаға кезекке қою: қажетті құжаттар тізімі

Bilimger Media
2 мин оқу 57 оқылым

​​ℹ️ Баланы балабақшаға кезекке қою: қажетті құжаттар тізімі

💬 Мектепке дейінгі жастағы баланы балабақшаға кезекке қою мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны білім беру бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады, ол үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі «электронды үкімет» веб-порталы немесе ақпараттандыру нысандары арқылы өтініші мен құжаттарын жолдайды.

📎 Ол үшін келесі құжаттар қажет:

• электронды құжат нысанындағы өтініш;

• мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);

• санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою үшін фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі.

📎 МДҰ-ға кезектен тыс немесе бірінші кезектегі тәртіппен қызметті алушылар қосымша тапсырады:

• әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

• ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

📎 Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі құжаттар талап етіледі:

• нысан бойынша өтініш;

• № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

• 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;

• № 027/е нысанындағы анықтама;

• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда) электронды көшірмесі;

• әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

• ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

📌 Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, МДҰ-ға бірінші кезекте жолдама алуды растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 441 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым