Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балалық шақтан естелік

Орашева Саяжан
2 мин оқу 97 оқылым

Атам бала кезден бастап балалардың уақытылы ұйықтап, демалып, ерте тұрып, дұрыс тамақтануына үлкен мән беретін. Ата-анамыз жұмыста көп болғандықтан, біз көбінесе атамыз бен әжеміздің тәрбиесінде өстік. Әжеміз еркелігімізді көтеріп, жуас болғанымен, атамыздың қаталдау мінезі бар еді. Бірақ мәселе атамның қатал мінезінде емес, өмір көрген адам ретінде бізге біраз нәрсені үйреткісі келгенінде. Атам соғыстың қатаң кезеңдерін өткерген, әрі ауылдың молдасы еді. Әжем болса, үй шаруасында жүретін, оқыған, тоқыған, сабырлы жан болатын.

Түскі уақытта атам бізді ұйықтатып, демалуды үйрету үшін күн тәртібін қатаң сақтайтын. Біз болсақ, бала болған соң, көше кезіп, далада ойнауды армандайтынбыз. Бірақ атамыздан қорыққаннан кейін, амалсыздан ұйықтауға жататын едік. Сондай күндердің бірінде бір қызық жағдай орын алды.

Атам бізді ұйықтап қалды деп ойлап, шаруаларымен көшеге шығып кетті. Біз атамыздың кеткенін біліп, қайтып келмес деп, ойынға кірістік. Ойынымыз – баланың алақанындай темірді тауып алып, оны жасырып ойнау еді. Ойын қыза түсті. Бір кезде кезек маған келді. Темірді қайда жасырарымды білмей, "кішкентай ғана темір ғой" деп, аузыма салып жібердім. Ойнап жүріп, байқамай темірді жұтып қойыппын. Балалар шулап, "Ата, апа!" деп, мән-жайды жеткізді.

Ауыл адамдары жиналып, маған көмек көрсетті. Біреулер "тамақ молынан жесін, темір қарында жиналып шығады" деді. Атам мен әжем маған мол тамақ беріп, тойдырып қойды. Кейін біреулер "ең болмаса май ішкізсін" деді. Атам мен әжем маған май ішкізді. "Мақта жесе, темірді ұстап шығады" деп ақыл айтқандар да болды. Бірақ мақта жеуден бас тарттым – ішіме ештеңе сыймайтын болды. Ақырында, тамақ пен майдың әсерінен ішімдегі темір шығып, үй ішімізбен бір жеңілдеп қалдық.

Бұл қызықты оқиға, елімізге белгілі әрі беделді жан- Бейсен ағаның балалық шағынан алынған. Мұндай  қызық әңгімені «Бейсен және Болмыс»  кітабынан оқыдым, ерекше әсер етіп, жадымда ұзаққа сақталған соң, желідегі достарыммен бөліскім келді.

Орашева Саяжан Толегеновна

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің,

11-сынып оқушысы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Орашева Саяжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым