Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балабақшам Балдәурен - менің бақыт мекенім

Автор

Айнур
2 мин оқу 34 оқылым

Балдәурен бөбекжай- бақшасы тәрбиеші:Ибрашова Айнур

№19 « Балдәурен» бөбекжай- бақшасының жұмыс жасағанына биыл 15 жыл.

Балабақшаның іргетасын қалап,өз күш жігері мен алтын уақытын арнап қазіргідей мықты дәрежеге жеткізген бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Абдраманова Гүлдәрі апайымыз.

Ұжымның тізгінін қолына алып,ерінбей,шаршамай қызмет жасап келе жатқан жылдарда «Балдәурен» өте қарқынды дамып,танымастай өзгерді.Біздің балабақша Ақай ауылында ашылған ең бірінші балабақшаның бірі. Осы уақытта өз жұмысын балабақшамен байланыстырған қызметкерлер ортамызда бар.Бәрі де өз жұмысын абыроймен атқарып келеді.арамыздан еңбек демалысына шыққан Амида апай мен Райла апайдай құрметті зейнеткерлеріміз де бар.Біз ол кісілерді мақтан тұтамыз. Балабақшаның гүлденуіне аянбай тер төккен Құлжанова .А,Кадирова Г,Піралиева Т, Раметова Г,, Алиева Қ, Рсалиева А жұмысты жұмыла көтеріп,аяққа нық тұруға аянбай еңбектенді.

2009 жылы басшылық тізгінді қолына алған балабақшамыздың тәрбиешісі Орынбаева Гүлмира апайдың кезінде де өрлеу кезеңі жалғасын тапты. 4 топтық құрам кеңейіп ,8 топ өз жұмысын жалғастырды.Педагогикалық құрам да толықты.

Небәрі 2 топпен 19 қызметкері бар кішкентай мекемеден , 175 орындық заман талабына сай құрылғылармен, материалдармен жабдықталған көркем мекемеге айналды. «Балдәурен» құрылғалы өзгеріске толы жылдарының ыстығына қайнап, суығына төзіп бірге жасап келе жатқан ұйымшыл, ауызбіршілікті ұжымымен мақтана алады. Қанша жылда кадрлар алмасып жаңа құраммен толағып отырса да бұл мекеменің ынтымағы, бірлігі артпаса кемімеді. Барлық жұмыстарды абыроймен атқарып келгенін өткізілген семинар жұмыстарынан және түрлі сайыстар мен конкурстардан алып жүрген жүлделі орындардан көруге болады.

«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының 15 жылда бағындырған белестері, тындырған жұмыстары,шыққан биігі барлық жерде айтылып, жазылып жүрді. Қаншама жыл өтіп, басшылар ауысқанда «Балдәурен » өз жұмыс жүргізу қарқынын ұлғайтпаса кемітпеді . Ерен еңбектің арқасында ұжым «Үлгілі мекеме» , "Бала жанының бағбаны" атағын да алды.

Биылғы жыл да біздің балабақша үшін табысты жыл болды. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қармақшы ауданында өткен жарыста би өнері, мәнерлеп оқу,оркестр жанрында бақ сынап бас жүлдені жеңіп алды. Мәнерлеп оқу сайысынан Сексенбаев Нұрдәулет пен Маратова Хадия бүлдіршіндеріміздің өнері жиналған көрерменнің ыстық ықыласын туғызып,елді сүйсіндірді. Бас жүлдені қанжығаларына байлаған балапандар обылысқа жолдама алып, өз өнерлерін обылыс сахнасында паш етіп, халықаралық жолдаманы да жеңіп алды. Қазіргі сәтте Сочида өткізілетін конкурсқа сақадай сай отыр.

Ақпан айында онлайн өткізілген жарысқа «Чунга-чанга»биін билеп ІІ орынға қол жеткізді.

Бұл жетістіктерге жетуге өнерге баулып,ұштап, білім мен өнерді бала бойына қатар сіңіріп отырған білім ордасының маман ұстаздарының еңбегінің жемісі екенін атап өткен жөн.Оның ішінде музыка жетекшісі Тотаева А еңбегін атап айтуға болады.

Бала - болашақ ,бала біздің ертеңіміз !

Ұрпақ тәрбиесін таңдаған білікті және ізденімпаз,еңбекқор мамандар әлі талай биіктерді бағындырып,әлі талай топ жарады деп есептеймін.

Рухы биік, талабы таудай, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қойып тынбай, талмай жүргізген ерен еңбектеріңіз лайықты бағаланып,шәкіртеріңіз биіктен көріне берсін!

Құрмет пен алғыс әкелер жетістіктеріңіз сарқылмасын,өрлей бер, дами бер,абройын әрқашан асқақ болсын Балдәуренім және еңбекқор ұжымым!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айнур

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Үздік ұстаз – ұлт болашағы

Материалда ұстаздың қоғамдағы орны, педагог мәртебесін көтеретін байқаулар және TikTok арқылы біліммен бөлісудің жаңа мүмкіндіктері сөз болады.

Айнур 25 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Үздік ұстаз – ұлт болашағы

Материалда ұстаздың ұлт болашағындағы орны, педагог мәртебесін көтеретін байқаулар және мұғалімдердің TikTok-та пәні бойынша танымдық бейнеролик жариялау мүмкіндігі сөз болады.

Айнур 27 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин