Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№22 Ақбұлақ бөбекжай-бақша», тәрбиеші Чуйтанова Рахила Ерсолтановна
Жаңбырдан кейінгі көгілдір аспаннан көзге бірден ілінетін әдемі кемпірқосаққа әлі күнге дейін қызыға ұзақ қараймын. Әр түсті жолақтары – жанымды таңғажайып күйге бөлеп, еріксіз ертегілер әлеміне жетелейді. Дәл сол секілді кішкентай бүлдіршіндерді көргенде де тұп-тура сондай сындай сезімді бастан кешемін. Олардың риясыз тәтті үндері, аңғал да бейғам түрлері, тіпті шынайы жылағандары да- қай жүректі де шымырлатпай тұрмайды. Күйбең тірлікпен алысып шаршап ұйықтап, ал таңертең жұмысқа келгенде, балабақша есігін ашқан бойдан алуан түрлі сәбилердің үні құлаққа ұрады. Сол сәтте-ақ ойымды тез жинап алып, 12-ші топқа қарай асығам. Әрқайсысын ата-аналарынан қабылдап алып, киімдерін ауыстырып, таңғы асқа дайындаймын. Бұл сәт күн сайын қаншама рет қайталанып жатса да, еш жалықтырмақ емес. Себебі, олардың қамқоршысы, жанашыры ретінде, маған аманат етіп тапсырылғанын сезінемін. Иә, әр түрлі отбасыда туған сәбилердің алуан түрлі мінездері, қылықтары болса да, олардың бәріне бір ғана көзқарастың орын алары хақ: олар, сүйкімді бүлдіршіндер – өмірдің қулық- сұмдығынан, қаталдығы мен суықтығынан мүлдем бейхабар. Олар айналасынан тек жылуды, сүйіспеншілікті, мейірімділікті күтеді. Және біз ересек адамдар – сол қажеттіліктерін толық өтеуге тиіспіз.
Балабақша – балалардың асығып, іздеп, сағынып келетін жып – жылы ұясына айналса, олардың алдындағы міндетіміздің орындалғаны. Сонымен қатар, тәрбие мен білімді егіз мақсат етіп, заман талабына сай оқыту үлгілеріне жетелесек, болашақтың шамы одан бетер жарқырай түспек. Балалар- біздің ертеңіміз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ата сөзінде үлкен мағына жатыр. Оларға дұрыс тәрбие бере отырып, білімді де талапты ұрпақтың шығуын қадағаласақ – ол өз қамымыз. Ол –өзіміздің өмірімізді өнегелі ету, ізімізді ізгіліпен жалғау, ұлт санасын салиқали қалыптастыру. Ең бастысы, қай істің де басында адами құндылықтар тұруы керек деп білемін. Жұмсақ көзқарас, жылы қарым-қатынас-балапандарға өте қажет дүние. Балаларға әрдайым мейірлене құшағымызды ашып, бойымыздағы бүкіл шуағымызды төксек, балалардың баққыты мекенінің баспалдағы – балабақша болатындығына ешкімнің күмәні болмас еді...
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/balabaqsha-baqyt-baspaldagy-3
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.